Ақсай қаласының тұрғындарымен кездесу
Бүгін Ақсай қаласының мәдениет үйінде Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Имашева Снежанна мен Анвар Агаев облыстық сайлауалды штаб мүшесі Идиятов Сержан қала тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР парламент мәжілісіне кандидат Имашева Снежанна "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғандығы туралы әр бағыты бойынша атап айтты.

Кездесуге келген тұрғындар да өз көкейлерінде жүрген сан сауалдардың алдағы уақытта партия тарапынан көптеген істердің атқарылатынын есітіп, Nur Otan" партиясына сенетіндіктерін айтты. Әрине тұрғындар арасында сауал жолдағандары да болды. Сұрақтар реті білім, медицина саласындағы кадр жетіспеушілігі, "Дипломмен ауылға" бағдарламасына бұрынғыда да тиімдірек жолдармен қарастырылса, яғни жастар ауылда тұрақтап қалуға әлі де жағдайлар болса" деген тұрғыда қойылды.
Үміткерлер өздеріне жазып алып, алдағы уақытта мүмкіндіктердің барынша қаралатындығын жеткізді
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Преодолев испытания, победим вместе!
