«Тосын жеткен ғажайып сый»
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігі аудан орталығында тұратын мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлеріне барды. Аяз ата мен ақшақар, мультфильмдегі кейіпкердің киімін киген бірлестіктің мүшелері Айман мен Аяжан Қалығалиеваларға, Тұрарбек Маратовқа, Бексұлтан Асылбекке, Нұрдана Берікке, Арсен Есболға, Төрехан Нариманға, Дәрмен Берікке, Ислам Мұталиевке, Аңсар Өтегеновке, Жансезім Серікке, Дарын Досымовқа, Ернұр Сәбитовке, Еламан Ғилажовқа тосыннан сыйлықтар табыс етіп, тілектерін айтып, мерекемен құттықтады.






