Б.Қуанәлиев ауданның әлеуметтік сала қызметкерлерімен онлайн кездесу жүргізді.
"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалында аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидат Б.Қуанәлиев ауданның әлеуметтік сала қызметкерлерімен онлайн кездесу жүргізді. Кездесуде Б.Қуанәлиев партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі басымдықтарды атап өтіп, алға қойылған мақсат- міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар 10 қаңтар күні өтетін сайлауға белсене қатысып, еліміздің жетекші “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.


