Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды

«Nur Otan» партиясы ғимаратында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге арналған кездесу өтті. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тахир Қадимов, Біржан Қуанәлиев, Мейіржан Хаби және Мирас Иманғалиев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкерілерімен басқосты. Басқосуда Тахир Зинұрұлы партияның ел дамуындағы басты жеті бағытын, яғни экономикалық, жайлы, әлеуметтік бағытталған, жастарға арналған, қауіпсіз аудан, тарих және мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдарын атап, 2021 жыл 10 қаңтарда өтетін сайлаудың ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар депутаттыққа үміткер Мейіржан Хаби сенімді электр энергиясын дамытып, жұмыс жоспарға сай ауданның көркеюіне үлес қосып жатқанын ерекше атап өтті. Депутаттыққа үміткерлер жиынға қатысушыларды сайлауға қатысып, елдің дамуына мұрындық болған «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
136

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды - Yvision.kz