Партиялық бақылау аясында
Партиялық бақылау аясында таяуда «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Берік Ықсанов Жәнібек ауылында салынып жатырған спорттық–сауықтыру кешенінде болып, құрылыс барысымен танысты. Бұл нысан «КПО б.в.» компаниясының тапсырысымен осы компанияның қаражаты есебінен салынуда.Мердігер «СКФ Наурыз»» ЖШС, құрылыс жұмыстарына жауапты жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілген Партиялық бақылау барысында құрылыс қарқыны сараланып, іске асырылып жатырған жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету және оларды уақтылы атқару қажеттілігнеі баса назар аударылды.Спорттық–сауықтыру кешені құрылысына қатысты Партиялық бақылау шаралары аладғы уақытта жүйелі түрде жүзеге асырыла беретін болады.


