Мақсат Нұрболұлы Жаналиевтің Сайлауалды бағдарламасы


@zhanibek.nurotan.kz
Официальный филиал партии "AMANAT" Жанибекского района Западно-Казахстанской области
рейтинг
251
жазбалар
824
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
рейтинг
251
жазбалар
824
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1





Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!«Ауылдың дамуы – бұл бүкіл еліміздің дамуы» Тұңғыш Президент – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ə.НазарбаевҚұрметті Ақоба ауылдық округінің сайлаушылары!Мен, Жаналиев Мақсат Нұрболұлы, осы Жәнібек ауданында туып-өстім. Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін ауданымыздың дамуына өз үлесімді қосу мақсатыммен туған ауданға келіп қызметімді бастадым.Еңбек жолын Тау ауылынан бастап, Жәнібек және Ақоба ауылдарында тәжірибемді шыңдадым. Одан соң 2017 жылы аудандық мәслихат депутаттарының таңдауымен Ақоба ауылдық округіне ауыл әкімі болып сайланып, ауылымыздың дамуына үлес қосуға бел будым. Еңбек ете жүре «құқық танушы» мамандығы бойынша білім алдым.Елмен етене ара…
"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Отырыста «Nur Otan» партиясының Жәнібек ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» орындалмау қауіпі бар жобалар бойынша тиісті мекеме басшылары баяндама жасады. Комиссия төрағасы Мейрамбек Ибатов жоспардың әр тармағына тоқталып, тиісті мекеме басшыларына Жол картасының іс-шаралын назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXXV сайлау конференциясы онлайн форматында өтті.Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты. Конференция отырысын филиал төрағасы А.Сафималиев төрағалық етті. Күн тәртібінде Жәнібек ауданы бойынша өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Ақоба ауылдық округіндегі әкім сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды. Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, делегаттардың дауыс беру арқылы алдағы болатын сайлауға қатысу үшін Ақоба ауылдық округ әкіміне Жаналиев Мақсат Нұрболұлының канди…
"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы А.С.Сафималиевтің төрағалығымен Саяси Кеңесі Бюросының отырысы онлайн форматында өткізілді. Күн тәртібінде "Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXXV конференциясына Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкіміне "Nur Otan" партиясы атынан кандидаттар ұсыну туралы". Күн тәртібіндегі мәселе бойынша филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Қуанәлиев хабарлама жасады. Бюро мүшелері тарапынан кезектен тыс өтетін XXXV конференция қарауына ұсынылған кандидаттар бірауыздан мақұлданды


"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының отырысы онлайн жүйесінде өткізілді. Күн тәртібінде "Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXXV конференциясына Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкіміне "Nur Otan" партиясы атынан кандидаттар ұсыну туралы". Күн тәртібіндегі мәселе бойынша филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Қуанәлиев хабарлама жасады. Бюро мүшелері тарапынан кезектен тыс өтетін XXXV конференция қарауына ұсынылған мәселер бірауыздан мақұлданды.

Онлайн форматта «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өткізілді. Күн тәртібінде аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының "Еңбек" бағдарламасы бойынша атқарған жұмыстары және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Ақоба ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы. Отырыс барысында комиссия мүшелері мен қатысушылар тарапынан жұмыспен қамту мәселелеріне байланысты ұсыныстар болып, болашақта жұмыс барысында ескерілу керектігі айтылды. Сонымен қатар, отырыста Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жем…