Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Ауылдың дамуы – бұл бүкіл еліміздің дамуы» Тұңғыш Президент – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев

Құрметті Ақоба ауылдық округінің сайлаушылары!

Мен, Жаналиев Мақсат Нұрболұлы, осы Жәнібек ауданында туып-өстім. Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін ауданымыздың дамуына өз үлесімді қосу мақсатыммен туған ауданға келіп қызметімді бастадым.

Еңбек жолын Тау ауылынан бастап, Жәнібек және Ақоба ауылдарында тәжірибемді шыңдадым. Одан соң 2017 жылы аудандық мәслихат депутаттарының таңдауымен Ақоба ауылдық округіне ауыл әкімі болып сайланып, ауылымыздың дамуына үлес қосуға бел будым. Еңбек ете жүре «құқық танушы» мамандығы бойынша білім алдым.

Елмен етене араласып жүргендіктен де ауыл тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін. Ауылдық округтің өзекті мәселелерінің қатарында аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу, орта мектептің ғимаратын жөндеу, ұялы байланыс сапасын жақсарту және интернеттің жылдамдығын арттыру, ауылдық округтің көшелерін абаттандыру, жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу, тұрақты жұмыс орындарын ашу.

Осы мәселелерді шешудің тетіктері, ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту жолдары айқындалған! Ал оларды іске асыру үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет!

Мен əрқашан байланыстамын!

Тел/WhatsApp: +77055157242

Email: [email protected]

Құрметпен, Мақсат Нұрболұлы Жаналиев

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Мені әкім етіп

сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

 2024 жылы ауылдық округті аудан орталығымен байланыстыратын 23 шақырым автомобильдік жол жөнделеді;

 2022 жылы ауылдық округтегі Хаби Халиуллин атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі;

 2022 жылы аудандық бюджет есебінен ауылымызда орналасқан спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтеді;

 2022 жылы аудандық бюджет есебінен ауылдық округтегі орталық саябақты абаттандыру және жарықтандыру бағытында көшелерге қосымша жарық шамдары орнатылады;

 2024 жылға дейін аудандық бюджет есебінен Ақоба елді мекенінде жаяу жүргіншілер жолы салынады.

Мен бюджеттің шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:

 Білім сапасын арттыруға, жастардың бос уақытын тиімді жұмсауына бағыттауға, жастар ұйымының жұмысын жақсартуға, жастарды жұмысқа орналастыруға, олардың салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын мәдени-көпшілік шараларды жандандыруға;

 2025 жылға дейін тұрмысы төмен отбасылардың жай-күйін үнемі басты назарда ұстап, оларға көмек көрсетуге, жұмыссыз адамдардың саның азайтуға, әлеуметтік қолдау арқылы әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесіп, тұрғындардың өмірлік сұраныс - талаптарын қамтамасыз етуге;

 Ауылдық округтегі ұялы байланыс сапасының жақсаруына және интернет жылдамдығын арттыруға

күшімді саламын.

 Көп балалы отбасылардың, зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және басқа да әлеуметтік осал топтардың өмірін жақсартуға;

 Ауылдан шыққан танымал композитор Қапан Мусин және айтыскер ақын Қалима Өтеғалиеваның мəдени - рухани мұрасын насихаттауға

үлесімді қосамын.

#BizBirgemiz

0
0
205

Осы тақырып бойынша

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! - Yvision.kz