Қазақтың кейбір сөздері...
Жасымнан ойнап-күліп өскен біздің өлкеде (Қызылорда облысы) жүріс-тұрысы ебедейсіз, олақ кісілерді «Дәйіс» деп атайды . «Дәйіс» арабша «Дәюс» сөзінен шыққан. Дініміз Исламда «Дәюс» деп анасын, апа-қарындасын басқа еркектерден қызғанбайтын, көрінгеннің қойнына салуға даяр еркектерді атайды. Олар үшін жәннат харам етілген екен. Ал біздегі «дәйіс» атағын алған сол бейбақтар расымен опасыздар ма? Жоқ, әрине! Табиғатынан аңғал болғаны үшін ғана қоғамға айыпты болған адамдар. Сондай-ақ, қазірдің өзінде қолданыста жүрген «көрбақ» деген сөзді құлағым көп шалды (әлхамдулилаһ, өз адресіме аталмыш қарғысты естім көрген емеспін). Мұны айтып отырған ана өз баласының жетім қалуын тілегендей әсер қалдырады. Өзіне және сүйіп қосылған жарына мезгілсіз өлім сұрап, баласының тұл жетім болып, көрді төңіректе…
