Мазмұнға өту
usergoogle107499692231550225009

Алтынай Маликаждар

@usergoogle107499692231550225009

Сайтта 2021 ж. 15 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

16

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты мәні

Иә, ХХ ғасырдың алғашқы жылдары ел есінде қаларлық оқиғалармен есте қалғаны рас. Патшалықтың отарлау саясаты, жерді мұжықтарға беруі, қазақты ұлтшылдығынан айырып, салт-дәстүрін, діні мен ділін жоюға бағытталған неше түрлі құйтырқы саясаттың орын алғанын аңғарамыз.Алайда, бұл мақалада тек бір тараптың ғана емес, екінші тараптың да кемшіліктері тайға таңба басқандай айтылады. Қазақтың білім-ғылымға талпынбауын, хандары мен халқының надандығын Ахаң осы мақаласында ашып көрсетті. «Атадан қалған мирасымыздың жайы мағлұм, балаға бұл қалыпта тұрып не мирас қалдырмақпыз, оны болжауға да артық әулиелік қажет емес. Көп жұртта да ғылым, өнер кем, бәрі қарайлас тең заманда қазақ та қалт құлт етіп өз алдына хан болып жүрді. Хандары да, халқы да ғылым өнерді керек қылмаған. Бірімен бірі жауласып, басқ…

0
0
355

"Айқап" пен "Қазақ" неге айтысқан?

«Айқап» баспасөз тарихында ең алғашқы журнал ретінде ел есінде қалса, «Қазақ» газетінің де атап айтарлық ерекшеліктері мен ұлт келешегі үшін жасаған тындырымды істері көп-ақ. Екі басылымда көтерілген сол кезеңнің мәселелері әлі де өзектілігін жоймай, қызығушылық танытқан оқырманның әлі де есінде десек қателескеніміз болмас. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Сералин, Ғұмар Қараш, Сәбит Дөнентайұлы, Мұстафа Шоқай сынды ұлт зиялыларының да аталмыш басылымда біршама еңбектері жарық көріп отырғаны белгілі. Алайда, екі басылымның арасында біршама келіспеушіліктер болып, күрмеуі шешілмей келе жатқан даулы мәселелерді көтергенін біле жүргеніміз абзал. Қоғамдық резонанс тудыратын бірқатар шешімдер мен ұсыныстар екі басылым арасында екі түрлі көзқарас тудырып, халық арасында маңызды…

0
0
310

Құт дарыған Оңтүстігім

Міне, еліміз аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, гүлденіп, дамып келеді. Азаттықты армандаған қазақ даласы қайта жаңғыру үстінде келе жатыр. «Қазақ» десе көз алдымызға бірден күмбірлеген домбыра үні, қазақы оюы, дархан даласы, қонақжай халқы, сонымен қатар қырмызыдай жайылған қызғалдақтары әп-сәтте көзімізге елестейтіні рас. Оңтүстігімнің шырайын келтіріп тұрған бұл өлке өзінің ғажап табиғатымен, терең тарихымен, солардың ішінде қырмызыдай қызғалдағымен ерекшеленіп тұрады. Кең байтақ далаға көз салып қарасаң, қазақтың аңқыған жұпар иісін, бейбіт елдің көрінісін тамашалағандай боласың. Тарих қойнауына үңіліп қарасақ, кезінде мұнда теңдесі жоқ Шұбайқызыл шоқысы болған деседі. Қарашекпенділер қаптап, соның арқасында дала қызғалдақтарының да атауы өзгеріп кеткен. Иә, айтылар әңгімемнің арқау…

0
0
375

«Туымыз тұғырдың ең биік сатысына үш рет көтерілді...»

Виктория СТАНЕВИЧВизажист, Әлемнің және Еуропаныңабсолютті чемпионы-Сәлеметсіз бе, Виктория ханым?! Ең алдымен халықаралық деңгейдегі жеңісіңізбен құттықтаймыз! Бұл қазақстандықтар үшін үлкен жеңіс. Байқауда жеңіп шыққаныңызды білгенде қандай сезімде болдыңыз? -Марапаттау онлайн режимде өтті, өйткені карантиндік талаптар адамдарға ұшуға және ірі компанияларда жиналуға мүмкіндік бермейді. Әлем чемпионатына 3000 қатысушы, сонымен қатар көптеген тренерлер, көрермендер мен модельдер кіреді. Бұл керемет және ауқымды шара. Биылғы жылы марапаттау салтанаты Нью-Йоркте өтті. Әрине, менде қуаныш пен мақтаныш сезімі қатар болды. Әлем чемпионатына көптеген визажистер қатысты. Байқау нәтижесін күткеннен бастап және басқа қатысушылардың жұмысын көрмегендіктен толқу болды. Тікелей эфирде сіз өз мүмкінді…

0
0
197

Біздің мақсатымыз» мақаласы бүтіндей бір басылымның жабылуына не себепті түрткі болды?

Аталмыш мақала сол кезеңдерде біраз орыс чиновниктерінің ашуын тудырғаны рас. Олай дейтін себебім, 1907 жылы жарық көре бастаған «Серке» газеті осы мақала халық арасына тарағаннан бастап патша өкіметі тарапынан жабылып қалуы. Мақаланың саяси астарына үңілсек, кең жазиралы мекені бар қазақ халқын атамекенінен қуып қана қоймай, тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырғысы келген сорақы әрекеттерін байқауымызға болады. Ресей өз жерінде көбейіп келе жатқан мұжықтардан құтылу үшін қазақтың шұрайлы жерлерін тартып әперіп, елімізге жаппай қоныс аудартады. Дінімізді мазаққа айналдырып, түрлі кітаптарымызды аяқ асты етті.Мақаланы оқи отырып Ресей бодандығының әлі де жайлап келе жатқаны айқындалады. «1907 жылы осы қалада шығып тұратын «Серке» атты газетке өлең мен мақаласы жарияланып, сол үшін патшан…

0
0
390