Партия Съезі: жарқын істерге - жаңа қадам.
Партия Съезі: жарқын істерге - жаңа қадам. Бүгін Nur Otan партиясының ХХ Съезі өтті. Кезекті Съезд келесі мәселелерді көтеріп, алда келе жатқан жауапты сайлау алдындағы ұстанатын ортақ бағытымызды бағамдады. Партия Төрағасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына және барлық партияластарыма маған сенім артып, ел келешегіне келелі үлес қосатын жігерлі әрі жалынды жас ретінде мүмкіндік бергеніне алғысымды білдіремін. Партия өткен сайлауда өз алдына қойған маңызды міндеттерді жоғары жауапкершілікпен іске асырды. Жүйелі жаңғыру жүргізіліп, жаңашыл бағдарламалар жасалды, жер-жерлерде тұрғындардың талап-тілектерін ескеріп, әр өңірдің, облыс, аудан, қала аумағында көпшілік көңілінде жүрген өзекті мәселелер көтеріліп, көкейтесті проблемаларды ескерген м…