11 қараша энергия үнемдеу күні
Энергия тиімділігі саясаты экономика салаларын жаңғырту, басқару сапасын және өндірістік персоналдың біліктілігін арттыру, көлемді инвестициялар тарту, халықты энергетикалық ресурстарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу шараларын қамтуға тиіс. Сонымен қатар, ғылыми-техникалық әлеует пен жаңа инновациялық ойлауды пайдалану, бизнес-қызметтің тартымды бағыты ретінде энергия тиімділігінің инвестициялық тартымдылығын арттыру оны іске асырудың қажетті шарттары болып табылады.
