Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруындағы укіметтік емес ұйымдардың рөлі
Nur Otan партиясының партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруындағы укіметтік емес ұйымдардың рөлі" тақырыбында кездесуі өтті.
Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік саяси өмірінде түбегейлі өзгерістер болуда, халықтың азаматтық белсенділігінің өсуі байқалады. Бұл мағынада үкіметтік емес ұйымдардың тармақталған жүйесін құру және нығайту Қазақстандағы азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды индикаторы болып табылады. Нақ үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық қатынастардың өзіндік бір реттегіші болып табылады, мемлекет пен азаматтардың арасын жалғастырушы рөлін атқарады, өзіне қоғамдағы әлеуметтік жаңғырулардың көптеген функцияларын алады.
