Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Қапшағай қалалық филиалының кезектен тыс ХХVIІІ конференциясы

«Nur Otan» партиясы Қапшағай қалалық филиалының ХXVIIІ есеп беру-сайлау конференциясының Мандат комиссиясы қаладағы 9 бастауыш партия ұйымдарында өткізілген жиналыстардың ұсынған хаттамаларын зерттеді.

Саяси партиялар туралы қолданыстағы заңнаманың және «Nur Otan» партиясы Жарғасының талаптарына сәйкес қалалық партия филиалының 2144 партия мүшелерінен конференцияға 24 делегат сайланды, оның 24-і қатысып отыр.

Делегаттардың құрамына мемлекеттік басқару органдарының, шағын және орта бизнес, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт салаларының, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарының өкілдері қосылған.

Делегаттар ішінде 2 делегат – қалалық партия ұйымының Саяси кеңес мүшесі, 1 делегат топ ұйымының төрағасы, партиялық бақылау комиссиясының 1 мүшесі, 18 делегат бастауыш партия ұйымынан сайланғандар, 4 делегат –«Jas Otan» жастар қанатының өкілдері.

Олардың 10-і әйелдер, 30 жасқа дейінгілер -4, 30-40 жас шамасындағылар -7, 40-50 жас аралығындағылар -5, 50 жастан жоғарылар-8 адам.

Делегаттардың 22-і жоғары білімі бар, 2-і орта мамандық иелері.

Конференцияға 3 ұлт өкілдері сайланды.

Мандат комиссия конференцияның барлық делегаттарының өкілеттіктерін күшінде деп таныды және осы хабарламаны бекітуге ұсыныс енгізеді.

0
0
125

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Қапшағай қалалық филиалының кезектен тыс ХХVIІІ конференциясы - Yvision.kz