Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партия Съезі: жарқын істерге - жаңа қадам.

Партия Съезі: жарқын істерге - жаңа қадам. Бүгін Nur Otan партиясының ХХ Съезі өтті. Кезекті Съезд келесі мәселелерді көтеріп, алда келе жатқан жауапты сайлау алдындағы ұстанатын ортақ бағытымызды бағамдады. Партия Төрағасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына және барлық партияластарыма маған сенім артып, ел келешегіне келелі үлес қосатын жігерлі әрі жалынды жас ретінде мүмкіндік бергеніне алғысымды білдіремін. Партия өткен сайлауда өз алдына қойған маңызды міндеттерді жоғары жауапкершілікпен іске асырды. Жүйелі жаңғыру жүргізіліп, жаңашыл бағдарламалар жасалды, жер-жерлерде тұрғындардың талап-тілектерін ескеріп, әр өңірдің, облыс, аудан, қала аумағында көпшілік көңілінде жүрген өзекті мәселелер көтеріліп, көкейтесті проблемаларды ескерген мазмұны қанық Сайлауалды бағдарламалар жасалды. Біз жаңа өзгеріс, жаңа қадам жасап қана қоймай, халық мүддесін ескеріп, көптің ойынан тұжырымды қорытынды шығару қажет екенімізге тағы бір мәрте көз жеткіздім. Жаңа Парламентті күрделі жұмыс күтіп тұр. Жүргізілген саяси реформа Парламенттің Үкімет қызметін бақылаудағы рөлін барынша күшейтпек. Ендігіде депутаттар, министрлер мен әкімдерден сапалы жұмыс нәтижелерін талап етеді. Одан бөлек, әр депутат халық пен партияның мүддесін қорғауда белсенді ұстанымға ие болмақ.

0
0
184

Осы тақырып бойынша

Партия Съезі: жарқын істерге - жаңа қадам. - Yvision.kz