Мазмұнға өту
urimtal

Асхат Еркімбай

@urimtal

Сайтта 2008 ж. 6 қазанКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

68

пікірлер

165

тіркелуші

76

жазылымдар

14

"Vox news" қазақша: 11/12/09

"Vox news" экономические новости на казахском языке. Надеюсь никому не помешают. В этом выпуске:
1. Қазақстанда жасалған сабын мен шампунь шетелдегіден еш кем емес. Павлодар зауытында отандық өнім шығарылуда.
2. ҚР Сауда және Индустрия министрі ресейден тасылатын "Шадринское" сүтінің сыртындағы мәтіннің мазмұнына үңілуде
3. Қазақмыс корпорациясы «Самұрық Қазына» қорына Екібастұз ГРЭС-індегі елу пайыздық үлесін сатпақшы.
4. Ұлттық банк басшысы Марченко қазіргі доллардың бағамы келер жылдың ақпанына дейін сақталады дейді.

0
6
408

Тәжікстан полицейлері

... көздерінде үрей бар. Мені алты рет тоқтатты. "Құжатың қайда?" "Түн ішінде қайдан жүрсің?" деді. "Құжатым жоқ. Қонақ үйде ұмыттым" дедім. "Қазақстаннан келдім. Форумға" дегенім сол еді, қолымнан қысып, арқамнан қағып жібереді. "Қазақстан" деген сөз олар үшін ірі әріптермен жазылатын ел екен. Ел ішінде жүрген соң тәуелсіздігіміздің қадірін білмей жүрміз-ау деп ойлайсың сондайда....

0
3
377

Deadline - өлім сызығы

Ренжітті. Айғайлады. Адам құрлы көрмеді. Құрғырдың телефонына хабарласпасам да болар еді. Таңатпай әлемтапырық болып кетті. Хайырлысы болсын!

Сабырымнан айырмағай!!! Пенде ғой. Ол да пенде ғой. Жұмысын ойлайды. Бастығын ойлайды. Бастығының бастығын ойласа нетті...

Сынайды. Тырнақ астынан кір іздейді.

Deadline-нан дэдлайнға дейін күн көретін болдым. Өлім сызығын аттам өтсем, келесісі шығады. Сабырдан айырма! Жұдырығыңды түй. Алға жүр! Өзің үшін жауап бересің!!!

0
1
521

Интернеттің қазақ тілді бөлігі: форумдар

Внимание: В этой записи я делюсь своим взглядом на счет казахоязычной части Казнета. Әлемторда қазақ тілінде мәліметтердің қашан, қалай пайда болғанын анықтау емес, мендік мақсат - қазіргі біздің алдымызда тұрған негізгі мәселелер мен қазіргі жағдайымыз. Интернетте қазақ тілінде сайттар мен блогтар, күн санап болмаса да бірте-бірте көбейіп келеді. Соңғы бір екі жылдың ішінде интернетте қазақ тілінде мәліметтер толысып, көбейіп келеді. Бұл жайтты бірінші кезекте, қазақтілділер үшін интернетке шығу мүмкіндігі кеңейгендімен байланыстырамын. Мәселен, осы уақытқа дейін интернетте көбіне қаланың орыстілді жастары белсенді болып келсе, соңғы жылдар ішінде форумдардан түкпірдегі ауылдың оқушылары да өз үндерін білдіре бастады. Интернеттің бағасы қымбат болған тұста, әлемтор көбіне жұмыс мақсатынд…

Қызыл-жасыл киінбей қыздың сәні келмейді...

Хмммм, қазақша әдемі бір өлеңді қосайын деп едім. Болмайды екен. Өкінішті-ақ! Қазақтың өнерінен сусындай отырыңыздар деп айтқым келіп еді. Осы жұрт, үнхабарларын қосып жатыр ғой. Неге бізде мүмкін емес? Білгенің бар ма?

Америкада қазақ баласы неге өз-өзіне қол жұмсады?

Әке-шешесінен тірідей айрылған жасөспірімді төрт баласы бар америкалық келіншек асырап алған соң, ол христиан дінін қабылдайды. Бірақ сонда да өмірінің мәнін таппай өз-өзіне қол жұмсайды. Қазақ баланың ағылшын тілінде әдеби шығарма жазу таланты америкалық мұғалімдердің таңдайын қақтырыпты.

"Тым талантты бала еді, қалайша өзін өлімге қиды" деп олар да сене алар емес.

Мақаланың ағылшынша толық нұсқасы мына жерде. Оқып шығып, әсерленіп отырмын. Көзі тірі болса, талантты бір әдебиеті болар ме еді. Кім білген? Кішкентайынан өмірдің қатал сынына шыңдалмаған оның нәзік болмысы, жалған дүниеге сыймаған болар... Жаның жәннатта болсын, Мақсат! Аллаһтың хақ дінін де саған ешкім жеткізбеді-ау...

0
2
668

Панкор аралындағы 3 күн

Ко Тың Зи: “Досымның анасының турфирмасы бар, бізге арзан бағамен аралға тур ұйымдастыра алады” дегенде бәріміз қуана келісе кеттік. Кезекті оқуымыз аяқталып, алдымызда он күн демалыс болғандықтан, оны аз ақшамен қызықты өткізу бәріміздің де ойымызда еді. Куала Лумпурда қазір оқушылар демалысы болғандықтан, бұл уақытта аралға билет табу өте қиын екен. Әрі барлық бағалардың “ұшып” кететін әдеттері бар. Біз барған турфирмада бізді қытай келіншек қарсы алды. Сөйтсек, бұл фирманың аралдағы төртжұлдызды қонақүймен келісімі бар екен. Бір қызығы қытайлықтар үшін баға арзан да, еуропалықтар үшін қымбаттау екен. Сөйтіп, барлық құжатты малайлық қытай досым Ко Тың Зи мен Қытайдан келген Дзаң Яңның атына тіркеп, Анжела, Ко, Дзаң төртеуміз хабрға (аралға жеткізетін арнайы кеме) дейін өз көлігімізбен б…

Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық

Ескерту: жұмыс уақытындағы көңіл-күйін бұзғысы келмейтіндерге оқымай-ақ қоюға кеңес беремін. Дүйсенбі сайын жұмыста бас қосып, өткен аптаның жаңалықтарымен бөлісетінбіз. Бұл жолы да солай болды. Бір әріптесіміз КТК арнасынан «Жас қазақтағы» Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық тақырыбына орай арнайы хабар әзірлегенін айтты. Алакөл ауданындағы мектепте болған айуандықты егжей-тегжей қайталамай-ақ қояйын. Жауқазынды қорғайтын арнайы заңгер керектігі, әйтпесе оны жылы жауып тастауға қам жасалып жатқанын да хабарлағанбыз. Сол қыздың анасы бұл дүниеден әділеттілік таба алмай қорланып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болыпты. Қазір ауруханада жатқан көрінеді. Сымбаттың өзін де экраннан көрсетті дейді білетіндер. Ал әкесінің сыртынан іс жинап жатыр екен. Астанана жасақталған арнайы комиссия істің ақ-қарас…

0
2
558

Жоғалып кеттім, білемін...

Кешіріммен қарауыңды өтінемін. Себебі бұдан басқа да блогым бар еді. Көбіне сол жерге жазамын. Біреуі urimtal.wordpress.com and kz.kazakhstan.neweurasia.netҚазір ауардтың ұйымдастырушылар қатарындамын ғой. Жұмыстан қолым қалт еткенде соның шаруасымен дедектеп кетеміз. 19 қарашада СтарсКлабта (Желтоқсан мен Абайдың қиылысы ғой деймін) марапаттау салтанаты болады. Мүмкін келерсің, ә? Келетін болсаң, алдын ала сайтқа барып, тіркеу формасын толтырғаның жөн. Негізі түнгі клубқа бару табиғатыма жат еді. Айтпақшы, осы блогта Нұрғисаның блогы біраз жыр болып еді. Биылғы ауартың үздік есеместерінің көшін сол Нұрекең бастап келеді :) Әлия осы байқауға қатысқан қазақ тіліндегі сайттарға қатысты тәп-тәуір шолу да жасап үлгерді. Сенбесең, оқып көр!Бүгін ювижнге Серікбай ағаның блогы ашылған соң қайта…

0
7
519

"Церковь саентология" дәрілері адам өміріне нұқсан келтіруі мүмкін

Осы жылдың 8 қазанында Алматы қаласы прокурорының санкциясымен саентологтарға тиеселі мекен жайларға тінту жұмыстары жүргізілді. Бұл жерлерден сеантологтармен байланысы бар адамдарға қатысты жеке және конфиденциалды сипаттағы көптеген ақпараттар сақталған мұражай, сондай ақ елімізге заңсыз әкелінген және сертификатталмаған шетелдік дәрі дәрмектер табылып тәркіленді. Дәрі-дәрмектер ешқандай тиісті құжаттарсыз сатылғаны да белгілі болды. Мамандардың алдын-ала қорытындысы бойынша олар адам өміріне едәуір нұқсан келтіруі мүмкін.ҚР ҰҚК Алматы қаласы боиынша департаменті Алматы қаласында орналасқан "Церковь саентология" діни бірлестігінің бірқатар басшыларына аса ірі көлемде заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқандары үшін қылмыстық іс қозғады.Осынау діниі бірлестіктің жұмысына көптеген елде ти…

0
0
465