Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Церковь саентология" дәрілері адам өміріне нұқсан келтіруі мүмкін

Осы жылдың 8 қазанында Алматы қаласы прокурорының санкциясымен саентологтарға тиеселі мекен жайларға тінту жұмыстары жүргізілді. Бұл жерлерден сеантологтармен байланысы бар адамдарға қатысты жеке және конфиденциалды сипаттағы көптеген ақпараттар сақталған мұражай, сондай ақ елімізге заңсыз әкелінген және сертификатталмаған шетелдік дәрі дәрмектер табылып тәркіленді. Дәрі-дәрмектер ешқандай тиісті құжаттарсыз сатылғаны да белгілі болды. Мамандардың алдын-ала қорытындысы бойынша олар адам өміріне едәуір нұқсан келтіруі мүмкін.

ҚР ҰҚК Алматы қаласы боиынша департаменті Алматы қаласында орналасқан "Церковь саентология" діни бірлестігінің бірқатар басшыларына аса ірі көлемде заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқандары үшін қылмыстық іс қозғады.

Осынау діниі бірлестіктің жұмысына көптеген елде тиым салып еді. Біздікілер ақ пен қараны енді-енді ажырата бастаған секілді.

Сурет қалта телефон блогымнан алынды.

0
0
466

Осы тақырып бойынша