ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Жоғалып кеттім, білемін...

Кешіріммен қарауыңды өтінемін. Себебі бұдан басқа да блогым бар еді. Көбіне сол жерге жазамын. Біреуі urimtal.wordpress.com and kz.kazakhstan.neweurasia.net

Қазір ауардтың ұйымдастырушылар қатарындамын ғой. Жұмыстан қолым қалт еткенде соның шаруасымен дедектеп кетеміз. 19 қарашада СтарсКлабта (Желтоқсан мен Абайдың қиылысы ғой деймін) марапаттау салтанаты болады. Мүмкін келерсің, ә? Келетін болсаң, алдын ала сайтқа барып, тіркеу формасын толтырғаның жөн. Негізі түнгі клубқа бару табиғатыма жат еді. Айтпақшы, осы блогта Нұрғисаның блогы біраз жыр болып еді. Биылғы ауартың үздік есеместерінің көшін сол Нұрекең бастап келеді :) Әлия осы байқауға қатысқан қазақ тіліндегі сайттарға қатысты тәп-тәуір шолу да жасап үлгерді. Сенбесең, оқып көр!

Бүгін ювижнге Серікбай ағаның блогы ашылған соң қайта келдім. Сол кісінің блогыма қалдырған пікірі себепші болды. Ағамыз психология туралы бұрқыратып жазып жатыр. Естір құлақ, естір, түйсігі бар жан түсінер! Мен киноэстет болып шықтым. Ал сен ше?