Мазмұнға өту
tracyb

tracyb

Сайтта 2017 ж. 6 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

84

пікірлер

2

тіркелуші

0

жазылымдар

9

Алып келіп, алып кетті...

Өзбек басшысы Ш.Мирзияев қазақстанға құр келмеді. Өзінің сұңғылалығы бар екен. Бірақ, біздікіне жетпейді-ау) Айтайын дегенім, дәл Ұлыстың Ұлы күні келіп, бір оқпен екі қоян атты. Бауырлас елді құттықтады, екінші жағынан өз ойы мен саяси курсын көрсетті. Міне, стратег деген осылай болады. Көп созбайық, не айтқымыз келгенін баяндайық. Екі елдің арасы марқұм И.Кәрімов кезінде, ақпанның ауа-райындай «құбылмалы» болды. Бірде миіз, бірде киіз дегендей... Сонымен, екі бауырлас ел басшыларының кездесуін, сарапшылар ерекше бағалап жатты. Өзбек әкәміздің өзі «тарихи» кездесу деп, ағынан жарылды. Шавкатты жақын танитындар, нарық пен экономикалық қатынастарда оның ашық та, либералды екенін айтады. Онысын уақыт көрсете жатар. Бірақ, мемлекет басшылығына келгелі екі елдің экономикалық қатынасы шамемен,…

0
0
470

Электораттың қамы үшін, жанын салатын Парламент керек

Тарихта, билікке көбіне, олжа, пайда деген сыңайда анықтама береді. Қазіргісі бөлек, бірақ – ортақ құндылық ретінде сақталып қалғаны, биліктің – зор мүмкіндік екендігі. Билігі бар адам, оның құрығы ұзын. Бүйтеді, сүйтеді деп жатамыз. Бірақ, сол билікті мүмкіндік ғана емес, жауапкершілік деп ұғатын кез келді. Сөз жүзінде айтып келеміз. Бірақ, іске асыратын уақыт жетті. Конституциялық реформаларға батыл жүргізуіміз соның айғағы. Былай қарасақ, Президент бар билігін бере салады екен. Сонымен, Парламенттік ел болады екенбіз деген жансақ пікірлер желіде ғана емес, ресми БАҚ тарда да айтылып қалды. Меніңше, бұл саяси сауатсыздық. Мүмкін, білместік. Негізгі өзгеріс былай өрбиді. Бұл, біріншіден билік институттарын сауықтыру амалы. Дәл қазір, мықты Үкімет пен пәрменді Парламент бізге ауадай қажет…

0
0
251

Басшыны сыйлау қанда бар еді...

Елбасы кім? Қазақ әке сыйлап, ананы құрметтеп өскен халық. Бұл жағынан тектілік тәрбие бойымызға сіңген. Елбасы да солай, шамамен алсақ, елдің, халықтың бетке ұстар, тізгін ұстар Тұлғасы. Бірақ, бұл Елбасы күшті, теңдессіз дегенді білдірмейді. Оның да өз пендешілігі, қателігі бар. Бірақ, елді біріктіріп, жақсылыққа жұмылдырып отырған адамнан жамандық іздеу тым қате қадам дер едім. Мысалы, асханада отырып алып, бала-шаға алдында ата-ананың өз басшысын жамандауы қандай жиіркенішті?! Қандай арсыздық?! Оны көрген бала ертеңгі күні басшыны сыйламай, тіпті, өзіңе қарсы шықпауына кім кепіл, а? Оны бір деп қойыңыз. Түнімен ішіп, бас жазып, сасық аузымен Елбасының атасынан бері қарай, бала-шағасына дейін жамандай, тіпті, ғайбаттау қаншалықты арсыздық деңізші... Ағайын, ойланайық! Басшы біреу, біз-…

0
0
764

Ертең үшін маңызды!

Конституциялық реформалар саяси жағынан алғанда біздің еліміздің алдағы уақыттағы жаңаруын құқықтық жағынан қамтамасыз етеді. Бұл менің ғана емес, жалпы сарапшылардың ортақ пікірі. Бірақ, заңдардың мықты шығуы үшін азаматтарымыздың саяси белсенді болуы маңызды. Мысалы, кей құқықтық-әлеуметтік тақырыптар ортақ талқыланғанда, үн қатып, пікірлерін білдіріп отыру керек. Ұстанымдары айтып, мәселені шешу жолдарын ортаға салсын. Мысалы, өз басым бұл заңнан халықтық биліктің күшейгенін көріп отырмын. Үкіметті күшейтіп, парламенттің жауапкершілігін арттырудың несі жаман. Парламент корпусын жаңалап, өкілеттілігін күшейтуге ешкім қарсы бола қоймас...Әр депутат сайлаушыларының алдында нақты жауапкершілігін жекелей сезінетін болса, онда елдің әрі қарай демократияландырылуы. Әріге бармай-ақ ойлансақ, қ…

0
0
281

Шетелдік сарапшылар қызығушылық танытып отыр.

Биыл, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 23 ірі активтерді сатуды жоспарлауда. Аз емес. Оның 5 не шетелдік компаниялар қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Facebook. Әлеуметтік желісінде жазылды.

Олар, "Транстелеком" АҚ ,  "Тегис Мунай" ЖШС,  "Евро-Азия Эйр" АҚ, "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС , АО "Локомотив құрастыру зауыты",  "Тұлпар-Тальго"ЖШС, "KTZE-Khorgos Gateway"ЖШС,  "Мангистауская РЭК"АҚ т.с.с. кәсіпорындар.

Ұлттық әл ауқат қоры, 2016-2020 жылдары жекешелендірудің кешенді жоспарының аясында 215 активтерді өткізуді қарастырып отыр.

0
0
373

Біздің құрама, екінші орында!

ФИСУ тарихындағы ең үздік Универсиада - Алматыдағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы студенттік ойындар!

*Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды!

*Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікті түйіндеді!

Алатау бөктеріндегі ақ аламанмен қоштасатын сәт келді!

8 ақпан!

«Алматы Аренада»!

Универсиаданың жабылу салтанаты!

#Қазақстан Ұлттық арнасы мен #Казспорт телернасының тікелей эфирінде!

#Ертең!

#Трансляцияның_басталуы: #18_50 #Тікелей_эфир

1
0
378

Шешуші кезең...

Сонымен, #универсиадамыздың аяқталуына екі күн қалды. Қызық әлі алда!

Ал, бүгін #қыздар_арасындағы соңғы хоккей ойындары өтеді. 
Финалда алтын медаль үшін Канада мен Ресей хоккейшілері кездеседі. Қыздар арасындағы хоккейде үшінші орын үшін өтетін ойында қытайлықтар АҚШ құрамасымен күш сынасады.
Аталған екі кездесуді #Kazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Трансляциялардың басталуы:
#Финал_19_55
#Үшінші_орын_үшін_матч_16_25
Қыздар құрамаларының соңғы ойындарын «Казспорт» телеарнасынан өткізіп алмаңыздар!

0
0
402

Трейсидің ақылы...

Мектепте оқымай-ақ, миллионер (қанша ақшасы барын білмеймін) атанған Брайн Трейси бүй дейді:

1. Бес күн 2 сағаттан жаңа кітап оқыған абзал. Миға пайдалы.

2. Ал, керек болса, кедейлер күніне 7-8 сағат, ал байлар болса, бір сағат қана теледидар қарайды дейді. (Біз басқаша ойлап жүрсек)

3. Уақыт алтыннан да қымбат. Ең ұлы нығмет! Сондықтан, уақытты үнемді пайдаланыңыз. Тайм менджмент ережелері қаперіңізде болсын.

4. Табысыңызды (айына) 2 %-ға, жылына 25% -ға көбейтіп отырыңыз;

5. Проблемаларыңыз туралы емес, жететін жетістіктеріңіз туралы көбірек ойлаңыз;

6. Әрқашан, оптимист болыңыз. Әрбір сәтсіздіктен сабақ алыңыз. Өмірдің өзі тәжірибе

1
0
353