Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алып келіп, алып кетті...

Өзбек басшысы Ш.Мирзияев қазақстанға құр келмеді. Өзінің сұңғылалығы бар екен. Бірақ, біздікіне жетпейді-ау)

Айтайын дегенім, дәл Ұлыстың Ұлы күні келіп, бір оқпен екі қоян атты. Бауырлас елді құттықтады, екінші жағынан өз ойы мен саяси курсын көрсетті. Міне, стратег деген осылай болады. Көп созбайық, не айтқымыз келгенін баяндайық. Екі елдің арасы марқұм И.Кәрімов кезінде, ақпанның ауа-райындай «құбылмалы» болды. Бірде миіз, бірде киіз дегендей...

Сонымен, екі бауырлас ел басшыларының кездесуін, сарапшылар ерекше бағалап жатты. Өзбек әкәміздің өзі «тарихи» кездесу деп, ағынан жарылды. Шавкатты жақын танитындар, нарық пен экономикалық қатынастарда оның ашық та, либералды екенін айтады. Онысын уақыт көрсете жатар. Бірақ, мемлекет басшылығына келгелі екі елдің экономикалық қатынасы шамемен, 30 процентке өскен. Жаман емес. Назарбаевтың сөзі:

«Сіз келгелі бес айдың ішінде екі елдің арасындағы сауда-саттық 30 процентке жоғарылады. Көп мәселелерге қол жеткіздік»

Бұл ештеңе емес. Осы кездесуде, жалпы құны 1 млрд долларға жете қап болатын келісімдерге қол қойылды. Әрине, сумма аз емес. Қазақ-өзбек бірлескен бизнес форумында екі ел кəсіпкерлері құны 840 млн доллар болатын 92 келісімшартқа қол қойыпты. Айтпақшы, «проблема» бар. Енді, біздің кәсіпкерлеріміз ізденіп, ширамаса, мыналар көбіміздің аузымызды ысып кетуі мүмкін. Олай болуы заңды да. Кеңес уақытының өзінде, саудасын тоқтатпаған елмен терезелес сауда жасау оңай емес, әрине. Бұл, бір жағынан өзімізге үлкен сабақ, үлкен мүмкіндік болады.

Ш.Мирзияевтың алып келгені, екі елдің арасындағы дипломатиялық «жылулық», алып кеткенін өзіңіз біліп отырған шығарсыз..?

   
0
0
477

Осы тақырып бойынша

Алып келіп, алып кетті... - Yvision.kz