ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Басшыны сыйлау қанда бар еді...

Елбасы кім? Қазақ әке сыйлап, ананы құрметтеп өскен халық. Бұл жағынан тектілік тәрбие бойымызға сіңген. Елбасы да солай, шамамен алсақ, елдің, халықтың бетке ұстар, тізгін ұстар Тұлғасы. Бірақ, бұл Елбасы күшті, теңдессіз дегенді білдірмейді. Оның да өз пендешілігі, қателігі бар. Бірақ, елді біріктіріп, жақсылыққа жұмылдырып отырған адамнан жамандық іздеу тым қате қадам дер едім. Мысалы, асханада отырып  алып, бала-шаға алдында ата-ананың өз басшысын жамандауы қандай жиіркенішті?! Қандай арсыздық?! Оны көрген бала ертеңгі күні басшыны сыйламай, тіпті, өзіңе қарсы шықпауына кім кепіл, а? Оны бір деп қойыңыз. Түнімен ішіп, бас жазып, сасық аузымен Елбасының атасынан бері қарай, бала-шағасына дейін жамандай, тіпті, ғайбаттау қаншалықты арсыздық деңізші... Ағайын, ойланайық! Басшы біреу, біз-ел, тіреу болайық! Қателікке өзге емес, өзіміз жол бермейік! Елбасы адам, бірақ, ерекшелеу адам. Құдай ел басқаруды міндеттеген құл! Сондықтан, құрметпен, адамдықпен қарайықшы...