ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ертең үшін маңызды!

Конституциялық реформалар саяси жағынан алғанда біздің еліміздің алдағы уақыттағы жаңаруын құқықтық жағынан қамтамасыз етеді. Бұл менің ғана емес, жалпы сарапшылардың ортақ пікірі. Бірақ, заңдардың мықты шығуы үшін азаматтарымыздың саяси белсенді болуы маңызды. Мысалы, кей құқықтық-әлеуметтік тақырыптар ортақ талқыланғанда, үн қатып, пікірлерін білдіріп отыру керек. Ұстанымдары айтып, мәселені шешу жолдарын ортаға салсын. Мысалы, өз басым бұл заңнан халықтық биліктің күшейгенін көріп отырмын. Үкіметті күшейтіп, парламенттің жауапкершілігін арттырудың несі жаман. Парламент корпусын жаңалап, өкілеттілігін күшейтуге ешкім қарсы бола қоймас...Әр депутат сайлаушыларының алдында нақты жауапкершілігін жекелей сезінетін болса, онда елдің әрі қарай демократияландырылуы. Әріге бармай-ақ ойлансақ, қазір әлемдегі басқа елдерді алайық, президенттік өкілеттіктерін барынша күшейтіп жатыр. Мысалы, Түркияны алайық, Түркменстаныңыз анау. Саяси реформалар кезең-кезеңімен жүру керек. Бұл жағынан біздің елдің өз бағыт-бағдары бар. Естеріңізде болса, 2007 жылы жергілікті мәслихаттардың өкілеттілігін күшейту туралы бастама көтерілген болатын. Осы уақытта жергілікті өкілетті органның құзыретін кеңейту туралы да жұмыстар басталып кетті. Қысқасы, бұл өзгерістер біздің еліміздің болашақ стратегиялық дамуы үшін жасалып жатқан дұрыс қадамдардың бірі.