Тарихта, билікке көбіне, олжа, пайда деген сыңайда анықтама береді. Қазіргісі бөлек, бірақ – ортақ құндылық ретінде сақталып қалғаны, биліктің – зор мүмкіндік екендігі. Билігі бар адам, оның құрығы ұзын. Бүйтеді, сүйтеді деп жатамыз. Бірақ, сол билікті мүмкіндік ғана емес, жауапкершілік деп ұғатын кез келді. Сөз жүзінде айтып келеміз. Бірақ, іске асыратын уақыт жетті. Конституциялық реформаларға батыл жүргізуіміз соның айғағы. Былай қарасақ, Президент бар билігін бере салады екен. Сонымен, Парламенттік ел болады екенбіз деген жансақ пікірлер желіде ғана емес, ресми БАҚ тарда да айтылып қалды. Меніңше, бұл саяси сауатсыздық. Мүмкін, білместік. Негізгі өзгеріс былай өрбиді. Бұл, біріншіден билік институттарын сауықтыру амалы. Дәл қазір, мықты Үкімет пен пәрменді Парламент бізге ауадай қажет. Себебін айтайын, қазір мемлекеттік – әлеуметтік бағдарламалардың орындалуындағы олқылықтарды көбіне сол Үкіметке, оның құрамына ысыра саламыз. Азаматтық қоғам қайда? Бақылаушы органдар қайда? Тұтастай қоғамдық институттар қайда? Міне, көрдіңіз бе?, жұмылу жағымыз қиын. Парламентіміз де солай. Нақты тегеурінді принципі жоқ. Электораттың қамы үшін жанын салатын кәсіби мықты Парламент керек. Осы саяси реформалардан кейін, сондай Заң шығарушы орган жасақталады деп сенемін. Айтапқыш, ең бастысы халықтың саяси сауаты артып, көзқарасы артады.