Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Өз ағаңның» саясаты өзгермейді...

Қазақ басшысы Н.Назарбаевтың Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен осы көктемдегі екінші мәрте кездеуі. Екі жақ ықыласты болу керек, әйтпесе, аса бір маңызды дүниелер үшін ғана кездесу ұйымдастырылатын еді. Дерек көз Астанада кездесті десе, ресми мәлімет, Оңтүстік Қазақстанда кездесті деген ақпаратты таратты. Онысы маңызды емес. Бастысы, біраз дүниенің басын қайырғаны. Сонымен, екі елдің іскерлік қатынастары әрі қарай дами бермек. * Көлік-логистика, автоөнеркәсіп саласы мен өңірлік ынтымақтасты дамытуда нәтиже бар. * Осы жылғы екі ел арасындағы тауар айналымы 37 % ке өскен. * Бірлескен жұмыстардың жол картасы жасалып, екі елдің министрлері мен өңір басшылары жиі кездесіп, талқылаулар жасайтын болады. Қазақ-өзбек қатынасы Каримовтың тұсында онша болмағаны анық. Тек, мүдделік ғана қатынас болған дегенді айтады, - сарапшылар. Бірақ, геосяси жағынан көрші елдердің түркілік ортақ өркениетке тән құндылықтары барын ұмытпаған абзал. Оның үстіне, қазақтың досқа адалдығына сүйсініп, жоғары баға беретінін алдымен осы өзбек ағайындар мойындаған. Мирзизеев те басшылық номенклатурасында ысылған Тұлға. Болашақты дамыған қазақтармен елестеткіміз келеді деген сөзін де естігенбіз. Бастысы, достық-стратегиялық байланысымыз артып, ынтымағымыз дами берсін.

Сурет: "Ақорда" сайтынан

0
0
469

Осы тақырып бойынша

«Өз ағаңның» саясаты өзгермейді... - Yvision.kz