«Үлгі боларлық» уағдаластық
Назарбаевтың Қытайда жүргеніне екінші күн. «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық форумына қатысып, баяндама жасады. Жаһандық экономиканы ілгерілетіп, жүргізудің қағидаларын ұсынды.
Нұрсұлтан Назарбаев:
«Форумның ашылуында сөйлеген сөзіңіз өте мазмұнды, әсерлі, көптеген сұрақтардың жауабы десе болады. 2013 жылы Қазақстанда сіз антижаһандық өсім аясында әлемде адамдар ынтымақтастықтың қалай дамитыны жайлы көптеп сұрақ қоятынын алдын ала сезгендей, жаңа бастама жайлы ойыңызды білдірдіңіз. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы өңірлік және жаһандық дамудың жаңа парадигмасы, ынтымақтастықтың жаңа схемасына айналды»
Ойдағысын «жымиыспен» ғана шешетін Қытай басшысы форумға қатысушылардың алдында Қазақстан басшысына қарата, біраз дүние айтыпты. Мақтаған, тіпті, мойындаған болуы керек.
«Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі Форумға қош келдіңіздер. Жібек жолы Экономикалық белдеуі бастамасы Қазақстанда ұсынылған. Өткен жылы Сіздер «Үлкен жиырмалық» көшбасшыларының саммитіне қатысу үшін Ханчжоу қаласына келдіңіздер. Онда біз бірқатар мәселелерде түсіністікке қол жеткізіп, өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша тереңнен пікір алмастық. Біздің уағдаластығымыз іске асырылып жатқанын қуана айтқым келеді», - деді Си Цзиньпин.
Осы жылы біз Қытай мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеміз. Осы жылдар ішінде елдер арасында стратегиялық сипаттағы жан-жақты байланыстар нығайды, бұл бұдан да жоғары деңгейге жетеді деп үміттенемін, - деді кездесуде Си Цзиньпин.
Н. Назарбаев Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығын үлгі тұтарлық деп атады.
«Басқа елдер бізден үйренуіне болады. Бүгін Жібек жолының экономикалық белдеуі жұмысын бастап та кетті, биыл елдер арасындағы тауар айналымының өсімі 30 пайызды құрады», - деп атап өтті Президент.
Дереккөз: Қазақпарат агенттігі
