Қытай тарапы Жібек жолы қорына қосымша 100 млрд юань құяды. Нені көздеді екен?
Қазіргі жаһандық экономика – «аш қасқыр» іспетті. Жан - жағын жалмап, жеп барады. Билігі еліне қамқор һәм халқы еңбекқор ел ғана «аш қасқырдан» аман қала алады. Осындай ойды қатысушылар ашық болмаса да, принципті түрде жеткізіпті. Әркім өзінше қамдану керек. Бірақ, ортақ экономикалық мүдделер мен құндылықтар бар. Ал, «аш қасқырлар» бұдан да көптеу асағысы келеді. Міне, проблема!
Бәрін қойып, бір болайық, ірі істерге біріге кірісейік деген астарлы ойды айтқысы келді, "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысушылар… Бірақ, "Бір белдеу, бір жол" стратегиясының авторы Қытай тарапы екенін ескерсек, біраз нәрсе ойға оралады. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысушыларды құттықтап, алғы сөзін жеткізді. Бұл ірі халықаралық жобаны толыққанды жүзеге асыру үшін, «Қытай тарапы, Жібек жолы қорына қосымша 100 млрд юань құяды. Біз қаржы институттарын 300 млрд юань шамасында бағаланған операцияларды юаньмен жүргізуге шақырамыз. Қытайлық даму банкі және Қытай ЭКСИМ-банкі сәйкесінше 200 млрд юань және 130 млрд юань мөлшерінде инфрақұрылымдарды, өнеркәсіп қуатын және қаржыландыруды қолдаудың арнайы кредиттеу схемасын құрады, -депті Си Цзиньпин.
Дереккөз: Ақорда сайты
