Перейти к содержимому
syrym.nurotan.kz

Сырым аудандық филиалы

@syrym.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru

рейтинг

250

жазбалар

459

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

12

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры С.Иманғалиев онлайн қабылдау өткізді.

Ағымдағы жылдың 22-қаңтарында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры С.Имангалиев азаматтарды онлайн түрде жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауда Аралтөбе, Бұлдырты, Жымпиты және Тоғанас ауылдарынан азаматтар болды. Жастар практикасынан өту, атаулы әлеуметтік көмек алу, шағын несие мен қайтарымсыз мемлекеттік гранттар жөнінде қойылған сұрақтарына өз жауаптарын алды. Сонымен қатар, көтерген мәселелері кеңінен талқыланып, түсіндірілді.

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды

Ауданда ұлттық спорт түрлерін насихаттап, оны дамыту мақсатында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Құспанкөл ауылында асау үйретуден, Қособа ауылдық округінде тай жарысы мен аударыспақтан жарыстар өткізілді. "Қайсар" спорт клубы және ауылдық округ әкімдіктерімен бірлесе ұйымдастырылып отырған бұл шаралар қалған ауылдық округтерде де өз жалғасын таппақ.

«Ұстаз ұлағатты есім»

«Ұстаз ұлағатты есім»Сырым ауданы «NurOtan» партиясы «Ұстаз-ұлағатты есім» тақырыбында шара ұйымдастыруда. Осы шараны Сырым аудандық білім беру қызметкерлері қолдап «Ұрпақтар сабақтастығы» бағытын аға буын және ардагер ұзтаздармен кездесулер ұйымдастыруда.#SirimUstasҰстаз! Ұстаз- өзім үшін әрқашан қасиетті, қадірлі, көңіл төрінен алар орны бір төбе, ерекше жан! Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Ендеше, адам өмірінің балауса пәк шағында білгенін үйретіп, әдебиетке деген сүйіспеншілігімді арттырып, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбектің ұштасуына мұрындық болған, Кажгалиева Алия Есенқызымен Сыр-сұхбаттасуға Орал қаласына жол тарттым...Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, талдым, мен бәрін де білемін»…

0
0
168

"Қарасу" бастауыш партия ұймының мүшелерімен эксперттік талқылау.

"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында оныншы қаңтар күні Қазақстан Республикасы мәжілісіне және барлық деңгейдегі маслихат депутаттығына өткен сайлаудың қорытындысы бойынша ауылшаруашылық бөлімі қызметкерлерімен және "Қарасу" бастауыш партия ұймының мүшелерімен онлайн және офлайн жүйесінде эксперттік талқылау өткізілді.

Өзін-өзі қамтушыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарға жәрменке

Өзін-өзі қамтушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Ағымдағы жылдың 20-қаңтарында аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ғимаратында, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өзін-өзі қамтушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге «Атамекен» ҰКП аудандық филиалы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысты.

Әр түрлі сұрақпен 8 адам жолықты. 3 жұмыс берушіден 5 бос жұмыс орны ұсынылды. Шағын несие алу жолдары мен мемлекеттік қайтарымсыз гранттар жөнінде түсіндіріліп, 2 адам жұмысқа жолданды.

0
0
151

“Ұстаз - ұлағатты есім”

Сырым ауданы “Nur Otan” партиясы “Ұстаз - ұлағатты есім” тақырыбында шара ұйымдастырылды. Осы шараны Сырым аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы қолдап, “Ұрпақтар сабақтастығы” бағытында “ЖББ Көгеріс негізгі орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика - физика пәні мұғалімі, 37 жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз А.С.Турегалиевамен сұхбат өткізілді

0
0
127

Депутат А.Ойшыбаева «Балдырған» балабақшасының ұжымымен кездесті

Аудандық мәслихат депутаты А.Ойшыбаева сайлаудың қорытындысы бойынша Сырым ауданындағы үлкен бірден – бір «Балдырған» балабақшасының ұжымымен онлайн форматта кездесу өткізді. Бала тәрбиесінің алатын орны ерекше екенін атам қазақ жақсы біледі. Олардың мектепке дейінгі тәрбиесімен ата – әжелері ғана айналысатын ортадан алыстағалы қай заман. Жаңа заманның баласы, алдағанға көнбейтін, көп нәрсені тез қағып алатын, техника тіліне бейім қағілездігімен ерекшеленеді. Олай болса, қазіргі таңдағы тәрбиешілерге артар жүктің де салмағы басым болмақ. Кездесуге оннан астам педагог қатысты, жалпы ұжымда 45 қызметкер жұмыс жасаса, оның 26сы бала тәрбиесімен айналысатын педагог мамандар. Сайлаудың қорытындысын айтып, алдағы жұмыс жоспарына тоқталып кетті. Педагогтар өздерін мазалайтын зейнет жасының ұлғай…

0
0
114

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы

"Сырым" бастауыш партия ұйымының мүшелері "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында аудан орталығында тұратын зейнеткерлердің үйлеріне барып, әлеуметтік жағдайымен танысып, медициналық көмектер көрсетті.

0
0
171