ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Ұстаз ұлағатты есім»

«Ұстаз ұлағатты есім»

Сырым ауданы «NurOtan» партиясы «Ұстаз-ұлағатты есім» тақырыбында шара ұйымдастыруда. Осы шараны Сырым аудандық білім беру қызметкерлері қолдап «Ұрпақтар сабақтастығы» бағытын аға буын және ардагер ұзтаздармен кездесулер ұйымдастыруда.#SirimUstas

Ұстаз! Ұстаз- өзім үшін әрқашан қасиетті, қадірлі, көңіл төрінен алар орны бір төбе, ерекше жан! Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Ендеше, адам өмірінің балауса пәк шағында білгенін үйретіп, әдебиетке деген сүйіспеншілігімді арттырып, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбектің ұштасуына мұрындық болған, Кажгалиева Алия Есенқызымен Сыр-сұхбаттасуға Орал қаласына жол тарттым...

Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, талдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды деген ұранды жанына серік қылған кім десеңіз, ол әрине-Алия Есенқызы

Иә, осыдан 3 жыл бұрын ЖББ В.И.Шубин атындағы орта мектебінде иық тіресіп, алтын ұя мектеп аясында бірге еңбек еткен ұстазым, қазіргі таңда Орал қаласы №40 ЖББО мектебінде өскелен жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ұстаздық қызметін 36 жыл бойы атқаруда.

Ендеше, орта буын табалдырығын аттаған күні мені құшақ жая қарсы алған ұстазымның кейпі сол баяғы-ақ. Ашық-жарқын жүзімен аман-саулығымды сұрап, маңдайымнан бір иіскеп, төрге шығуымды өтінді. Дәл осы сәтте, талабыңыз бен жетістігіңізге әрқашан тілекші болып отыратын ұстазымның қуанышы, мен үшін елестетуге келмейтін сезімнің бағы іспеттес.

Мың ғасыр өтсе де ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғымның маңыздылығын өскелен ұрпаққа дәріптеп, жас ұстаздарымызға шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелеу, қанаттандыру жолында «Алия Есенқызының еңбек жолы керек-ау» деп Алия Есенқызымен әңгімелесе отырып, сұхбатымды бастап кеттім.

-Алия апай, алдымен өзіңіздің туып өскен ортаңыз, ата-анаңыз, оқыған мектебіңіз туралы айтып өтсеңіз деп едім...

- Мен, 1963 жылдың 27 шілдесінде қарапайым тракторшы жігіт әйелімен және анасымен тұратын бұрынғы Жымпиты ауданы «Правда» совхозының Құспанкөл бөлімшесінің Тамасай деген ауылда дүниеге келіппін. Жанұяда тұңғыш болған қандай жақсы. Асыл әженің бауырында, ардақты әке мен аяулы ананың құшағында балалық дәуренді бастан кештім. Айтпақшы, балабақшаны көрген емеспін. Біздің балабақшамыз-әжеміздің тәрбиесі. «Ол кісі маған өмірлік тәрбие, мәңгілік өнеге беріп кеткен адам»- деп еске алды.

- «Мұғалімдер қолынан өзге жұмыс келмегені үшін ұстаздық етуге келген жоқ. Керісінше қолынан кез келген жұмыс келетін адамдарды тәрбиелеп шығаруды мақсат еткен» - деген Джек Лондонның ойымен келісесіз бе?

-Иә, әрине, Шын ұстаз-ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. 1 сыныптан 10 сыныпқа дейін үздік оқып, мектептегі қоғамдық жұмыстарға етене араласып, өлең шығару, әдеби шығармаларды оқу жаныма жақын екенін түсініп, мұғалім боламын деп алдыма мақсат қойдым. Шығыс даналығында « Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады» деген ғажап мағыналы сөзі бар. Демек,Ұстаздық жолда жеке тұлғаның адамгершілік тұлғасын қалыптастыру үшін аянбай еңбек етіп, қыруар уақыт пен тер төгетін жауапкершілік қажет. Осы жауапкершілікті қорықпай алып келе жатқан мұғалім мамандығы-мамандықтың төресі.

-Қаламыңызды қолға алып, әңгіме, өлең, , жыр – жинақтар жазып ,баспасөз бетіне талай жарық көргенін білеміз.Сол туралы айтып кетсеңіз?

-Иә, балалық шағымнан әдеби шығармарларға жақын болдым.Ақын-жазушылардың көркем туындыларын оқып-жаттап өссек болса керек, жастайымнан өлең шығара бастадым. Ұстаздық еңбек жолында қызмет істей жүріп, Қазақстанның халық жазушысы, жерлес ақынымыз , Қадыр Мырза Әліге арналған «Қадір әлемі», тәлім-тәрбиелік маңызы бар «Өзгеше бір әлем», «Мен ауылдың қызымын» атты мақалалар мен өлеңдер жинағым жарық көрді.

- «Арман –адам қанаты» дейді, арманыңыз қандай?

- Ұстаз салған сара жолмен жүріп, ұстаз көрсеткен бағытпен қияға қанат қағып, қоғамнан орын алып, елі мен жерін көркейтетін ұрпақ тәрбиелесем содан артық бақыт бар ма?!

- Сыр-сұхбат соңында. Иә, ол-ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкім емес.Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек екенін тағы да бір ұғынғандай сәт кештім.

Қоштаспасқа амал бар ма... Уақытымның тығыз екенін айтып, Алия апайымның жарқын жүзіне тамсана қарап, сіздің басып өткен жолыңыз, алтыннанда бағалы ойларыңыз, бағындырған белестеріңіз бен жетістігіңіз мың түрлі гүл өсіретін бағбанның еңбегімен бірдей дедім сол сәтте. Алия Есенқызы, сіздей адам жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырар ұстаздарымыз көп болғай деп, жылы қоштастым...

Шәкірті әрі әріптесі А. Ж. Сарсекенов