Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Депутат А.Ойшыбаева «Балдырған» балабақшасының ұжымымен кездесті

Аудандық мәслихат депутаты А.Ойшыбаева сайлаудың қорытындысы бойынша Сырым ауданындағы үлкен бірден – бір «Балдырған» балабақшасының ұжымымен онлайн форматта кездесу өткізді. Бала тәрбиесінің алатын орны ерекше екенін атам қазақ жақсы біледі. Олардың мектепке дейінгі тәрбиесімен ата – әжелері ғана айналысатын ортадан алыстағалы қай заман. Жаңа заманның баласы, алдағанға көнбейтін, көп нәрсені тез қағып алатын, техника тіліне бейім қағілездігімен ерекшеленеді. Олай болса, қазіргі таңдағы тәрбиешілерге артар жүктің де салмағы басым болмақ. Кездесуге оннан астам педагог қатысты, жалпы ұжымда 45 қызметкер жұмыс жасаса, оның 26сы бала тәрбиесімен айналысатын педагог мамандар. Сайлаудың қорытындысын айтып, алдағы жұмыс жоспарына тоқталып кетті. Педагогтар өздерін мазалайтын зейнет жасының ұлғайуына қатысты ойларын айтты. «Балам бауыр етім» деп қарайтын қазақ үшін ұлтының тәрбиесі әр шаңырақтағы қарадомалақтардың тәрбиесімен байланысатынын естен шығармау керек.

0
0
115

Осы тақырып бойынша

Депутат А.Ойшыбаева «Балдырған» балабақшасының ұжымымен кездесті - Yvision.kz