Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өзін-өзі қамтушыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарға жәрменке

Өзін-өзі қамтушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Ағымдағы жылдың 20-қаңтарында аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ғимаратында, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өзін-өзі қамтушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге «Атамекен» ҰКП аудандық филиалы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысты.

Әр түрлі сұрақпен 8 адам жолықты. 3 жұмыс берушіден 5 бос жұмыс орны ұсынылды. Шағын несие алу жолдары мен мемлекеттік қайтарымсыз гранттар жөнінде түсіндіріліп, 2 адам жұмысқа жолданды.

0
0
152

Осы тақырып бойынша

Өзін-өзі қамтушыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарға жәрменке - Yvision.kz