ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры С.Иманғалиев онлайн қабылдау өткізді.

Ағымдағы жылдың 22-қаңтарында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры С.Имангалиев азаматтарды онлайн түрде жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауда Аралтөбе, Бұлдырты, Жымпиты және Тоғанас ауылдарынан азаматтар болды. Жастар практикасынан өту, атаулы әлеуметтік көмек алу, шағын несие мен қайтарымсыз мемлекеттік гранттар жөнінде қойылған сұрақтарына өз жауаптарын алды. Сонымен қатар, көтерген мәселелері кеңінен талқыланып, түсіндірілді.