Перейти к содержимому
shymkent.nurotan

Филиал г. Шымкент

@shymkent.nurotan

Сайтта 2020 ж. 23 маусымКазахстан, Шымкент

Официальный филиал партии "Nur Otan" в городе Шымкент

рейтинг

250

жазбалар

268

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

5

Биыл Шымкентте тарифтер өзгермейді

Жиынға «Қамқорлық» бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты.

Биыл сумен жабдықтау, сарқынды бұру және жылумен жабдықтау үшін тарифтер өзгермейтінін білеміз. Жиында 2020 жылдың коммуналдық қызметтердің тарифі жөнінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, табиғи монополия субъектілері өздері тарапынан тұрғындар үшін тарифтерді төмендетуге және 2019 жылдың деңгейіндей етіп қалдыратыны мәлім болды.

0
0
119

Жастарға бизнесін қорғау туралы түсіндірілді

ZOOM платформасы арқылы өткен жиынға жастар қауымы қатысты.

Жиын барысында Қайрат Алишерұлы 2020 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. Баяндамаға сәйкес, биыл кәсіпкерлер палатасына 246 арыз түсіп, оның 230 қаралған, 160 шешілген. Жалпы атқарылған сумма 3,5 миллиард теңгені құраған.

0
0
130

Партиялық тәртіпті сақтау бойынша онлайн жиналыс өтті

Біздің Партия үшін де партиялық тәртіптің сақталғаны аса маңызды. Осы мақсатта бастауыш партия ұйымдарымен тұрақты түрде кездесулер өткізіледі. Жиында Партиялық тәртіп бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының париялық бақылау комиссия мүшелерімен партиялық тәртіпті сақтау бойынша онлайн жиналыс өтті. Онда партия мүшелері арасында партиялық этиканы сақтау, короновирус індеті кезінде қоғамдық орындарды бетперде тағып жүру мен адам көп жиналатын орындардан оқшаулану жайында сөз болды.

0
0
164

Кәсіпкерлерге қолдау мол

Жиынды «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы ұйымдастырып, оған Іскер әйелдер Ассоциациясының өкілдері мен партияның Қаратау аудандық филиялының төрағасының біріншісі орынбасары Әбдез Рахманұлы Иманқұлов қатысты.

ZOOM платформасы арқылы өткен жиында жеке бизнесті бастау және оны дамытуда қиындықтар тудыратын мәселелер сараланды. Әсіресе қоғамда әйелдер тарапын қорықпай өз ісін бастауға ынталандыру қажеттігі айтылды.

Айта кету керек, қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет те бар күшін жұмсауда.

0
0
176

Шымкент сити шағын ауданының құрылысы қоғам назарында

ZOOM платформасы арқылы өткен жиында Шымкент сити қалашығындағы тұрғын үйлердің құрылысы кеңінен талқы болды. Журналистер жаңа шағын ауданда көп қабатты тұрғын үйлердің жыл санап қатары көбейіп келе жатқанын айтады. Заман талабына сай салынып жатқан зәулім үйлер қаламыздың көркін ашп тұрғаны анық. Десе де, блогерлер «Шымкент ситиде» көгілдір отынның әлі күнге жетіспеушілігі бар екенін алға тартты. Сонымен қатар, жарықтың сапсы да сын көтермейді екен. Себебі, жарық сөніп қалатын жағдайлар әлі де кездесетін көрінеді.

Өз кезегінде, Бахадыр Мадәліұлы блогерлер мен журналистер тарапынан қозғалған мәселелердің шешілуі жайлы жауапты лауазым иелерінен сұрайтынын жеткізді.

0
0
155

Бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған семинар-тренинг өтті

Жиын мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарымен эффективті қарым-қатынас жасау технологиясымен танысып оны жетік меңгеру.

Расында қандай мекеме болсын, БАҚ өкілдерімен тығыз жұмыс істеуі маңызды. Партия мүшелеріне масс-медиамен сауатты қарым-қатынас орнату әсіресе міндет. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Бұл маңызды функцияға басқа ешбір сала балама бола алмайды.

0
0
131

Қала көшелеріне мониторинг жүргізілді

Зерделеу жұмыстарына «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссия мүшелері де қатысты.

Аталмыш жолдың құрылысын мердігер компания «Отаустрой» ЖШС-гі жүргізіп жатқаны мәлім. Бұл құрылыс 2020 жылы басталып, 2021 жылға өтпелі жұмыстар. Партиялық бақылау комиссиясы алдағы уақытта аудан аумағында орналасқан құрылыс нысандарына осындай мониторинг жалғасатынын айтты.

0
0
101

Рухани келісім — тұрақтылық пен игіліктің негізі

Бүгінде қоғамымыздың рухани келісімде күн кешуі — ел саясатының маңызды бағыттарының бірі. Елбасы мен Президент тапсырмасы негізінде толық тұрақтылыққа жету үшін мемлекетте бірқатар тындырымды тірліктер де атқарылуда. Осы игі миссияны арқалап, бүгінгі жиында қаламыздағы рухани келісім ахуалы туралы сөз болды. Жиынға қатысқан партия белсенділері тақырып аясында маңызды мәселелерді талқылады.

0
0
146

"Нұрлы жер" бағдарламасы жүзеге асуды

Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыруды көздеген бағдарлама бүгінде бірқатар нәтижелер көрсетіп келеді. Дегенмен, түйткілді мәселелер де жоқ емес.

Осы орайда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында қалалық мәслихат депутаты Ғани Молдабекұлы Ахметбаевтың қатысуымен партия фракциясы жанындағы комиссияның онлайн-отырысы өтті. Жиында мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асу динамикасы зерделеніп, алдағы уақытқа жоспарлары талқыланды.

0
0
135

«Табысты мансап» тақырыбында кездесу өтті

NEET (Not in Education, Employment, or Training – оқымайды, жұмыс істемейді, қайта даярлаудан өтпейтін) санатына жататын жастар арасында «Сәтті мансап» тақырыбы қозғалды.Жалпы қазір NEET санатындағы немесе оқымайтын, біліктілігін көтермейтін және жұмыс істемейтін жастардың үлесі неғұрлым кең ауқымда – 15-28 жас аралығын қамтиды. NEET санатындағы жастардың ішіндегі көбісі үй шаруашылығын жүргізу, отбасы мүшелерін күту себебінен жұмыс істемейтін жастар, оның ішінде жас аналар да бар. Кейбір азаматтар мен азаматшалар – денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істемейді, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатындар да бар.Айта кету керек, 2018 жылы 18-29 жас аралығындағы NEET жастарын жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша Жол картасы қабылданған болатын. Олар: кәсіптік бағдарлау, кәсіби оқыту, жұмыспе…

0
0
112