Бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған семинар-тренинг өтті
Жиын мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарымен эффективті қарым-қатынас жасау технологиясымен танысып оны жетік меңгеру.
Расында қандай мекеме болсын, БАҚ өкілдерімен тығыз жұмыс істеуі маңызды. Партия мүшелеріне масс-медиамен сауатты қарым-қатынас орнату әсіресе міндет. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Бұл маңызды функцияға басқа ешбір сала балама бола алмайды.
