«Табысты мансап» тақырыбында кездесу өтті
NEET (Not in Education, Employment, or Training – оқымайды, жұмыс істемейді, қайта даярлаудан өтпейтін) санатына жататын жастар арасында «Сәтті мансап» тақырыбы қозғалды.
Жалпы қазір NEET санатындағы немесе оқымайтын, біліктілігін көтермейтін және жұмыс істемейтін жастардың үлесі неғұрлым кең ауқымда – 15-28 жас аралығын қамтиды. NEET санатындағы жастардың ішіндегі көбісі үй шаруашылығын жүргізу, отбасы мүшелерін күту себебінен жұмыс істемейтін жастар, оның ішінде жас аналар да бар. Кейбір азаматтар мен азаматшалар – денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істемейді, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатындар да бар.
Айта кету керек, 2018 жылы 18-29 жас аралығындағы NEET жастарын жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша Жол картасы қабылданған болатын. Олар: кәсіптік бағдарлау, кәсіби оқыту, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жастарды әлеуметтендіру, ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар.
