Шымкент сити шағын ауданының құрылысы қоғам назарында
ZOOM платформасы арқылы өткен жиында Шымкент сити қалашығындағы тұрғын үйлердің құрылысы кеңінен талқы болды. Журналистер жаңа шағын ауданда көп қабатты тұрғын үйлердің жыл санап қатары көбейіп келе жатқанын айтады. Заман талабына сай салынып жатқан зәулім үйлер қаламыздың көркін ашп тұрғаны анық. Десе де, блогерлер «Шымкент ситиде» көгілдір отынның әлі күнге жетіспеушілігі бар екенін алға тартты. Сонымен қатар, жарықтың сапсы да сын көтермейді екен. Себебі, жарық сөніп қалатын жағдайлар әлі де кездесетін көрінеді.
Өз кезегінде, Бахадыр Мадәліұлы блогерлер мен журналистер тарапынан қозғалған мәселелердің шешілуі жайлы жауапты лауазым иелерінен сұрайтынын жеткізді.
