Кәсіпкерлерге қолдау мол
Жиынды «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы ұйымдастырып, оған Іскер әйелдер Ассоциациясының өкілдері мен партияның Қаратау аудандық филиялының төрағасының біріншісі орынбасары Әбдез Рахманұлы Иманқұлов қатысты.

ZOOM платформасы арқылы өткен жиында жеке бизнесті бастау және оны дамытуда қиындықтар тудыратын мәселелер сараланды. Әсіресе қоғамда әйелдер тарапын қорықпай өз ісін бастауға ынталандыру қажеттігі айтылды.
Айта кету керек, қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет те бар күшін жұмсауда.
