Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Иненің үстінде отырады

Тәуелсіздік алғалы бері ширек ғасыр өтсе де әлі күнге дейін оралмандар жайы қоғамның түйткілді мәселелердің бірі болып келеді. 25 жылда тазға да шаш шығатын уақыт болса да біздегі заң тоң боп қатқан беймарал күйінен айығар емес.  Айықтырар күш деп сенгеніміз заң болса, қандастарымыздың  айы оңынан тууы неғайбыл. Себебі, біздегі заң басқа, істеліп жатқан істің жөні бір басқа. Сырттан қарағанда қой терісін жамылған қасқыр дерсіз. Үнсіз отты көздерін қадап, мүлгіп тұрады. Тексеріс келсе қаншыққа таласқан аш қасқырдай отанына оралған ағайындарымыздың қанын теспей сорады. Сорудағы басты проблема - қолдарында нақты құжаттың болмауы. Тіркеу, жұмыс,  баспана деп қанша шапқылағанымен нәтиже сол қалпы. Сонымен қандастарымыздың халі қайтсек жақсармақ?

Бұл тек журналистердің, не үкімет басындағылардың ғана ойлар шаруасы емес. Ұлт болып бір мәмілеге келер, сілікініс артынан мамыражай күнге жеткізер тұжырым жасалуы керек сәт жетті.  Тау сілеміндей қатқан заңның тек құжат жүзінде емес, нақты талаппен орындалуын қадағалануы басты жайт екенін ескерген жөн. Ойлы адамға уайым көп ойлай берсең дегендей бір қарағанда олар иненің үстінде отырады. Қалт-құлт етіп, қашан бірқалыпты өмірге көшкенше өлместің күйін кешеді

2
0
384

Осы тақырып бойынша