Мазмұнға өту
saltusha_teleu

Салтанат Сүгір

@saltusha_teleu

Сайтта 2012 ж. 24 наурызКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

55

пікірлер

56

тіркелуші

12

жазылымдар

32

Ёсудағы EXPO-2012

Дүниежүзілік көрме өтіп жатқан Ёсу қаласы мұхит пен құрлықтың ұштасқан жерінде, Одонг-до тау сілемдері мен шағын-шағын үз жүз аралда шашырай орналасқан. Cарагосадағы «Су», Лиссабондағы «Теңіз» тақырыптарымен өткен дүниежүзілік көрмелердің заңды жалғасы Ёсудағы «Мұхит және Жағалау» көрмесінің қалашығы шартты түрде үш аймаққа – Қала, Жағалау, және Мұхитқа бөлінген. «Теңіз индустриясы және технология»павильонытеңіз суы арқылы су балдырларынмата, билогиялық этанол алуға пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері сияқты ғылым жаңалықтарынан сыр шертеді. «Теңіз өркениеті» адамзат баласының мұхит шарлауы мен кемелердің тарихы туралы білуге болады «Теңіз қаласы» павильонында тоннелдер арқылы су астындағы қаланы,алып лифтілер арқылы мұхиттың түбімен ашық теңізді және жағалауды байланыстырған болашақтың порт-…

1
3
884

Ерік ЖОЛЖАҚСЫНОВ: Қазақ циркіндегі ұрпақтар сабақтастығына қуанамын

Драма және кино актері. ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚазКСР Кинемотографистер одағының мүшесі. Қазіргі таңда Астана циркін басқарады. – Біздің журналдың атой сөзі – «Жаңарған қоғам – жаңаша талғам». Сіз мұны қалай түсінесіз? – Қоғам өзгеріп тұру керек. Есейгендердің орнына жастар келеді. Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деп келетін өлеңі бар емес пе? Аға толқыннан жастарға деген селкеусіз сенім, тілеулестікті көргім келеді. Кез келген ұрпақ өз жаңалығымен, өз лебімен келеді. Сол жастарды жатырқамай, жазғырмай қабылдауды – жаңа талғам деп түсінемін. – Cіздің бой-бітіміңіз кәсіби спортшыға көбірек келеді.... – Өнер институтына түскенге дейін бокспен айналысқанмын. Кәсібіміздің өзі спортты қажетсінеді. Мысалы, Голливуд актерлері спортпен күнделікті дағдылы түрде айналысады. Кейбіреуінің ті…

1
2
1738

Қарлығаш АББАСОВА: Сахна салғырттықты көтермейді

Дәстүрлі әнші. Қазақ Ұлттық өнер университетінің магистранты. Республикалық, халықаралық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы. Мағжан Жұмабаев атындағы «Қазақ Елі, бір ауыз сөзім саған!» фестивалінің 2011 жылғы жүлдегері «Жаңарған қоғамға – жаңа талғам керек»... Көпшілігіміз қоғам, заман өзгерді деп кінәні аударып салып жатамыз. Яғни, адам өзгерді. Ал адамның өзгеруі – эволюция заңы. Өмір – қас пен көздің арасы. Сол себепті, Алланың берген өнерін болашақта игілікке жұмсаймын деп үміттенемін. Дәстүрлі әншінің дарыны эстрадалыққа қарағанда артықтау деп бөле- жару – үлкен қателік. Әрине, айқайлағанның бәрі әнші емес. Мұң мен қуанышты ән арқылы жеткізіп, жұрттың жан-дүниесіне ене білу қажет. Сонда ғана жүректен себезгілеген сәуле жүрекке жетеді. Ақыл айтудан қашамын. Өз пікірімді білдіру ғана жө…

2
0
1650

«Сүтпен біткен сүйекпен кетеді»

Бір кісі Ибн Мүбаракқа(р.а.) келіп баласының қылықтарына ашулы екенін білдіреді. Сонда Ибн Мүбарак:- Балаңды қарғап па ең? – деп сұрайды. Ол: «Иә»,- дегенде, -Ендеше, балаңның тәрбиесін бұзған өзің екенсің,- дейді. Ия, өзіміздің бойымыздағы қателіктерді көрмей жатқанда, баламыздан не күтуге болады? Аз сөзге көп мағына сыйғызған жайт қой бұл. Бала тәрбиесі кенже қалып жатқаны ата-ананың жұмысбасты болуына байланысты екені жасырын емес. Құба төбел тірліктің қарекетімен жүргенде кішкентайына «Құлыншағым-ау, құлын болып қалып қалғаныңды білмей де қалыппын ғой» деп жататыны да сондықтан. Тақырыпты тәрбие жағына ойыстырсақ... Бала бойға біткен сәттен бастап, анасы нені көп үйренсе, нені білетін болса, кейін бала сол нәрсені тез игеріп алады екен. «Сүтпен біткен сүйекпен кетеді»-,дейді қазақ. Тә…

0
4
3731

Өзін тәрбиелеу-өмір талабы

«... Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік болады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады»-, деп нақтылап көрсетеді алты алаштың арысы Жүсіпбек Аймауытов. Эйнштейн де «Әр баланың бойында ақылдылық болмысы болады»-,деген. Расында солай. Дегенмен бұл қағидаға бірі сенсе, бірі сенбес. Себебі, жарық дүниеге көзімізді ашқанда бәріміз бірдей кейіпте болып, өсе келе өзгеріп сала береміз. Қалайша? Неліктен? Осы сұрақ төңірегінде өрбітсек. Өзін- өзі тәрбиелеу-адамның жеке басын жетілді…

1
0
6577

«...Құмырсқаға тимеңдерші, алысқаны өмір ғой»

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш сауал» (Л.Толстойдан аударған) әңгімесінде: Бір патша тақуа кісіден сұрапты: бірінші - «Қай істі қандай уақытта істеген жақсы?» Екінші - «Ең керекті кісі кім?» Үшіншісі- «Ең керекті іс не?» Оқиға желісі бойынша, бір кісі әкесін өлтіргені үшін патшадан кек қайтармақ болғанда, патшаның жендеттері жаралайды. Ал, патша жаралының жарасын таңады. Сонда тақуа былай деп жауап беріпті: ең керекті уақыт - осы уақыт, Қазір ең керек кісі - осы дұспаның болды. Неге десең, мұның жазылар, жазылмасы әзір неғайбіл. Егер жазылса, бұл-дағы біреуге жақсылық қылғанды жанындай жақсы көрер еді. Ең керек іс - қазір осыған қылған жақсылығың, неге десең, адамның мойнындағы шын міндеті - біреуге жәрдем ету еді... Не түйдіңіз? Әлде жай ғана уақытты ысырап еттіңіз бе? «Ең керекті уақыт -…

1
4
1796

Адастырған ащы су

Өмір-ащы, өмір-тәтті...Өмірді ащыға айналдыратын сүреңсіз адамдардың бейнесі. Заманның теріс қырынан өзгеруіне ықпалын тигізген адамдар саны жылдан-жылға толығу үстінде. Қу тіршіліктің арбауына алданып, «жынды судың» септігінен айналасын улағандар қаншама? Арақ-имансыздың анасы. Иә,расында ащы судың кесірінен отбасынан айырылып, ата-анасының теріс батасын алған, өрімдей балаларын жылатқан, қоғамнан аластатылған пенделерді көзіміз шалып жүр. Тіпті мұндай жандарды көргенде, күннің өзі ата-ананың көзіндей елжірейді. Сонда өмірдің қандай бақытын иеленді? Өмірге адам болып келген соң, өнегелі ісіңмен қоғамға өз үлесіңді қалдыру керек кой. 1975 жылы Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы арақты адам ағзасы мен психикасын бұзатын есiрткi заты ретiнде жариялады. Алайда, арақтың қоғамды аздырушы екен…

1
0
817

Табиғатпен астасқан тәтті сезім (Мөлтек сыр)

«Ертеңгі күн қар жауар...» Міне, осындай ойға желпініп, серуендеп шықпақ болдық. Серуендегенде де күнделікті сәттердегідей емес, өзгеше бейнеде болатынына сендім. Солай болды да... Өзіңді сүйгенді сүйе білу – жүрек пен жүректің табысқаны секілді, өзіңді сүйгенге көңіл бөлмеу – күннің көзін бұлттың бүркегені секілді. Ғашық жүректі әлдилейтін жан керек қой қашанда. Алғашқыда сүйген жанның жүрек қағысын ести алмағаныммен, кейіннен маған арналған әрбір сөзі құлағыма жаңғырық болып естілетін болды. Бұл қандай дауыс мені еліктіріп әкететін? Кинотеатрға кино көруге барғанымызбен, бейне бір өзге әлемге сапар шеккен кейіпке ендік. Киноны көргеннен емес, бірге тамашалағаннан жүректерге шаттық нұры себілді. Сезім шіркін, бір тулатады-ау жүректі. Сол күні күздің салқын самалы бойымызды жайласа да дес…

1
0
764