Біз кімдерге еліктеудеміз?
«Балапан басына, тұрымтай тұсына» тура келген аумалы-төкпелі заман, ғарыштық жылдамдықпен дамыған жүйрік жылдар да өз дегенін істеуде. Өз дегенін жүргізуге асыққан уақытқа аш құрсақ, тар заманның жастары да шет елдің жылтырағына қызығатының көргенде жүрегім баяу ғана соғады. Отбасыда берілетін тәрбие құндылықтары сақталмауға айналды.Әрине, таяқтың екі ұшы болатыны да белгілі. Бойымызда саф алтындай рухани қазынаға толы, қасқыр емген қазақтың текті ұрпағы екенімізді ұмытпағанымыз жөн. Алайда Батыс Еуропа жаһандану саясатымен кез-келген кеңістікті бағындырып келе жатқаны соншама, дүниежүзілік өркениет мәдениет мұхитына барып құйылып жатқанын бірі байқаса, бірі аңғарып та жатқан жоқ. Талаптары тау бұзатын, жалындары от жандыратын жастарды тәрбиелейміз деп, өз қолы өз аузына жетпеген сарыүрпе…