Мазмұнға өту
saltusha_teleu

Салтанат Сүгір

@saltusha_teleu

Сайтта 2012 ж. 24 наурызКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

55

пікірлер

56

тіркелуші

12

жазылымдар

32

13-05-24 11:55:33 Гүлзира АЙДАРБЕКОВА, Қайрат Нұртастың анасы, продюсері:ҚАЙРАТТЫҢ ЖЕКЕ ӨМІРІНЕ АРАЛАСУҒА ЕШКІМНІҢ ҚАҚЫСЫ ЖОҚ!

– Қайраттың семейлік тыңдармандары сізді сотқа бермекші екен. Осы жөнінде өзіңізден білмекші едік.– Былтыр Семей өңірінде қойылған концертке екінші бөлім мүлдем жоспарланбаған. Жарнамалық парақшалардың өзінде бір ғана концерт жазылып тұр ғой. Ұйымдастырушылар «мүмкіндік болып жатса, екі рет қатарынан концерт беріп қалар. Керісінше болып қалған жағдайда, ешқандай реніш болып жүрмесін» деп халыққа алдын-ала ескерткен. Олардың Қайратты көруге құштарлығын байқаған соң, «бағымызға қарай көрейік» деген оймен тәуекелге бел буған. «Ауырып қалып, екінші концертті бермейтін болды» деген сөлекет сөзді естіген екі-үш тыңдармандар ұлымның суретін жыртып, аяққа таптағанда жүрегімді тілім-тілім етті. Әкімшіліктің қызметкерлерінен кім екенін сұрастырғанымда «базарда қызмет жасайтындар» деген еді. «КТК» т…

1
3
773

Аттестация тапсырған әкімдерге жедел жәрдем шақыруға тура келді

Қоңыр күзге қарай 50 әкім жайлы орындарымен қош айтысатын болды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті. Аудан және қалалық жерде әкім болғысы келгендіктен өтініш білдірген екі мыңға жуық үміткердің37 пайызы сыннан сүрініп кетті. Оларға емтиханға келген 100 сұрақтан кем дегенде 70 ұпай жинап шығу керек болатын. Біліктілігі өз қызметтеріне сай емес болып шыққаны былай тұрсын, ешқашан тест тапсырмаған, тіпті компьютермен жұмыс істеп көрмегендері бар екен.Кейбірінің қан қысымы күрт көтеріліп, медициналық жедел қызмет көрсетуге тура келген. Аттестациядан өте алмаған әкімдердің орнын ұлттық комиссияның шешімімен таңдап алынған резервтегі қызметкерлер ауыстыратын болады. «А» корпусына қатысты өтіп жатқан емтихан 27-мамырға дейін жалғасатындықтан,…

0
0
499

Мәжіліс вице-министрді қуып салды

Парламент қабырғасында бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды. Мінбеге шыққан Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев дайындықсыз келгендігі үшін мәжіліс отырысынан қуылды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау мәселесі жөнінде қаралып жатқан болатын. Кенеттен ҚР Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллин шұбалаңқы баяндамаға көңілі толмай, бұл мәселені күн тәртібінен алып тастау үшін дауысқа салды. Сол-ақ екен, Төраға шешімін депутаттар жаппай қолдай кетті. Халық қалаулыларының алдына шықпас бұрын тас-түйін дайындалу керектігін қатаң ескертті. Вице-министр бұл мәселе бойынша сұхбат беруден бас тартып, соңынан қуған тілшілерге жеткізбей кетті.

0
0
426

Гүлназ Әлімгерей, тележүргізуші, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері: МӘТІНГЕ ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІНІ КӨЗІНЕН-АҚ АҢҒАРАМЫН

– Гүлназ, естуімізше өзіңіздің мектеп-студияңызды ашқалы жатыр екенсіз. Әңгімемізді осыдан бастасақ. – Таяуда ғана Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин журналистер дайындайтын оқу орындары мен жұмыспен қамтамасыз етушілердің арасын жалғайтын шеберлік сыныптары, курстардың тапшы екендігі жөнінде айтқан болатын. Ақпарат майданы қайнап тұрған бүгінгі қоғамға өз ісінің хас шеберлері қажет. Заман ағымы шеберлік сыныптарына сұранып тұр. Телевизия саласында жүріп, азды-көпті жиған өз тәжірибемізді және телеөнердің туын жықпай, қажырлы еңбегі мен өмірін осы салаға арнаған нағыз мамандардың дәрісін жас буындарға жеткізуді жөн көрдік. Қазір 10-12 адамдық шағын топтарға таланты мен талабы, бойындағы біліміне қарай үміткерлер іріктеліп алынды. Олар екі айдың ішінде телевизиядағы танымалдығы мен таланты тала…

3
3
6753

Мен журналистті жабайы аң-құсқа теңеймін

Бақыт ШОЙЫМБЕК, «Нысана» бағдарламасының жүргізушісі – Өзіңіз жайлы айта кетсеңіз. Туған жеріңіз... – Біреулер туралы ақпарат жинап, соны саралауға машықтансақ та, өзіңе келгенде қолын жүрмей қалады екен. Сондықтан қысқа қайырайын. Қарағанды облысы, Балқаш қаласында туып-өстім. С.Сейфуллин атындағы нөмірі жетінші мектептің түлегімін. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің халықаралық-журналист мамандығын тәмамдадым. Қазір жетінші арнадағы апталық-сараптамалық «Нысана» бағдарламасында журналист, тележүргізушімін. – Журналистикаға тосын келгеніңізді «Айқынға» берген сұхбатыңызда айтыпсыз. Балалық шақта кім болуды армандадыңыз? – Журналистикаға тосын келгенім рас. Шыны керек, ол кезде мұндай мамандықтың барын да білген жоқпын. Бұл салаға таныс құрбымның нұсқауымен келдім. Мен оқуғ…

2
0
3269

Демалыс күндерімнің бір парасы немесе Арыс қаласына барғанда...

Бөлтірікті қанша асырасаң да тоғайын аңсайтыны секілді тұлымшағы желбіреген құндағына әркімнің бір бүйрегі қашанда бұрып тұратыны сөзсіз. Оқу мен еңбек демалысы бастала салысымен туған жерім Арысыма қарай жол тарттым. Жүйіткіген пойызбен тәулік бойы тағатсыздана жетуді мақсат етсең де, әудем жер қалғанда сабырың сарқылып, аз ғана жол ұзап кеткендей көрінеді. Вокзалдан өне бойы сағынышқа тұнған ата-анаң, туыстарың құшақ жая қарсы алғанда, жұдырықтай жүрегіңнің соғысы жиілеп кетеді де. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс өңірі «қала» атанғанымен ауыл тіршілігінің жұқанасы. Алдымнан аптаған ыстық күнге қақталған қап-қара қағілез балалар жүгіріп келіп амандасуда. Тұрпатын қай жерден көрген едім деп ойланып тұрсам, сәби кезінде мұрнынан «кәкәйі» жылтылдап жүрген кішкентайлар екен ғой. Еншіг…

Менің еңбектерім

http://yvision.kz/post/266605

http://yvision.kz/post/280565

http://www.astanaplus.kz/index.php/kz/2011-11-19-14-23-9/item/181-tolғaқpen-tuar-tolaғay

http://www.astanaplus.kz/index.php/kz/2011-11-19-14-23-9/item/177-astananyiң-gүltәzhi

http://www.astana-akshamy.kz/?p=389

0
0
383