VIІ-ші Қысқы Азия ойындарының бастамашыл еріктілер тобы «Қазақстан алға!» акциясын өткізді.
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
VIІ-ші Қысқы Азия ойындарының бастамашыл еріктілер тобы 2011 жылғы 21 қаңтар сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің мәжіліс залында (оқу-тәжірибе ғимараты, Мұнайтпасов көш № 5) «Қазақстан алға!» акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – өскелең ұрпақ бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, 7-ші Қысқы Азия ойындарының еріктілерін жігерлендіру, Қазақстандық еріктілер қозғалысының деңгейін көтеру болып табылады.
Акцияда ҚР білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбеков, «7-ші Қысқы Азия ойындарының атқарушы дирекциясы» АҚ-нің вице-президенті А.А. Қапақов, «Қазақстан жастар Конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Ш.А.Байманов және Азия ойындарының еріктілері сөз сөйледі.
Іс-шара барысында еріктілер 7-ші Қысқы Азия ойындарының экипировкасың шеруі және «Азияда-2011» дайындығы туралы бейнероликтің көрсетілімін ұйымдастырды.
Шараға Астана қаласы ЖОО-ның ректорлары, мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйымдар және 7-ші Қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің өкілдері қатысты.
Іс-шараның әріптестері: ҚР білім және ғылым министрлігі, «Қазақстан жастар Конгресі» ЗТБ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университет және «7-ші Қысқы Азия ойындарының атқарушы дирекциясы» АҚ.
Қазақстан жастар Конресінің
баспасөз қызметі
Тел: 8(7172) 39 18 45
