Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында дін туралы не айтылған?

2014 жылдың соңында Президен Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдау жариялап, халыққа таныстырған болатын. Бұл бағдарлама Қазақстанның қазірі мен болашағына қатысты түрлі бағытты қамтып, алдағы уақытта қайтпек керек, қайда бет алу қажет деген секілді сұрақтарға жауап ұсынған-ды.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жолдаудың басқалардан айырмашылығы – тек белгілі брі тақырыптармен шектелмей, ұлт құндылығы, рухани байлық, дін мәселелерін де қамтығаны.

Дәл осы бағыттар бойынша қандай пікір айтылды екен деп бүкіләлемдік желіге көз салғанымызда, Афины олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың,профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабектің төмендегі пікірлерін оқыдым. Оқыдым да, өздеріңізбен бөліспекті жөн көрдім.

«Елбасы бұл Жолдауда экономика, саясатпен қатар рухани құндылықтарға, соның ішінде дін саласына ерекше тоқталып өтті. Әсіресе, былтыр қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңда көрсетілгендей Ислам дінінің Ханафи мәзһабына ерекше мән берілді. Менің ойымша, бұдан былай еліміздегі Ислам дінінің аясы осы бағытта дамып, өркендейді. Сондай-ақ, салт-дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен дәл осы мәзһаб қанатын кеңге жаяды деген ойдамын. Сондықтан бізге әуелі Елбасы атап көрсеткен Ислам дінінің Ханафи мәзһабын кеңінен насихаттауымыз керек. Әрине өзге жат ағымдарды ауыздықтау жұмыстарын да тоқтатпауымыз тиіс. Егер қолға алынған жұмыстар өз уақытында жүзеге асатын болса, ХХІ ғасырдағы еліміздегі мұсылмандар Елбасы айтқан Ханафи мәзһабына, ұлттық салт-дәстүрге берік жамағатқа айналады деп сенемін. Сол кезде біздің бірлігіміз бен ынтымағымыздың іргесі одан әрі беки түсері анық. Алла соған жеткізсін.

Негізі дін өте нәзік мәселе екені белгілі. Сол себепті де дінді ешқашан қоғамнан бөлектеуге болмайды. Тіпті спортта да оның алатын орны өте жоғары. Әсіресе, асыл дініміздегі аят-хадистермен спортшылардың отаншылдық сезімін күшейтіп, рухын нығайтуға болады. Өйткені бүгінде көптеген спортшыларымыз намазға келіп, жалғыз Алладан медет тілеп жүргені көпке аян», - деп Бақтияр Артаев ойымен бөліскен екен.

«Елбасының биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қазіргі таңда болып жатқан жаһандық келеңсіздіктерге қарсы тұруға, соған байланысты қауіпсіздікті күшейтуге қатысты мәселелерді күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде діни қауіпсіздік, рухани бағдар туралы өте жақсы және өз деңгейінде айтылды. Себебі, былтыр қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңда, сондай-ақ, аталмыш стратегияда да Ислам діні, соның ішінде біздің ұлттық құндылықтарымызға жақын, ата-бабамыздың ежелден ұстанған бағыты имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабына баса назар аударылды. Бұл мәзһаб біздің тарих және дәстүрімізбен қабаттасып, біртұтас болып кеткені шындық. Ендеше осы бағыттың дамуына жағдай жасасақ, ұлтымыздың бір мақсатқа ұйысу үдерісіне пайдасы зор болмақ.

Егер стратегиядағы басым бағыттарды орынды жүзеге асырар болсақ, еліміздің басты діні дәстүрлі Ислам болып қалыптасары анық. Сондай-ақ, Елбасының Әбу Ханифа мәзһабына тоқталуы да оның аясын кеңейтері сөзсіз.

Жалпы білім саласының өкілі ретінде, қарапайым қазақстандық ретінде «Қазақстан-2050» стратегиясында идеологиялық және рухани мәселелердің нақты айтылғанын үлкен қуанышпен қабылдадым», - дейді Дихан Қамзабек.

Ел тұлғаларының пікір осындай. Біз де жақсыдан үміттіміз.

islam-orkeniet.kz

0
0
1148

Осы тақырып бойынша

«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында дін туралы не айтылған? - Yvision.kz