Бүгін соңғы қоңырау!
Білім саласы үшін соңғы тоқсандар мен "Соңғы қоңырау" шарасы амалсыз қашықтан өткенмен, жақсы жаңалықтар да аз емес. Биылғы оқу жылының ең басты жаңалығы - Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленіп, біраз талқыдан өткен «Ұстаздар мәртебесі» жөніндегі заң қабылданды.
Педагог мәртебесін айқындайтын Заң негізгі төрт бағытты қамтиды: 1. ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту; 2. мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту; 3. материалды емес стимул тетіктері; 4. материалдық ыңталандыру.
Бұл заңның қажеттігі туралы біраздан айтылса да, "ештен кеш жақсының" реті келген секілді. Айтпақшы Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің ұстаздардың жұмысы есеп беру құжаттарын жазу емес, бала оқыту дегені бар еді. Бұл қарапайым қағиданы естен шығарып, мектепті саяси шара ордасына айналдырудың сәл-ақ алдында қалғандай едік. Дегенмен сең қозғалды. Ұстаз бен мектептің маңызы қандай екенін қоғам қазіргі карантин кезінде қолмен ұстап, көзбен көргендей болды.
Ендеше, тынымсыз еңбек пен қайтпас қажырды қажет ететін, осынау маман иелеріне бүгінгі "Соңғы қоңырау күні" алғыс айтып қойған жөн секілді.
Ақпарат көзі
