Перейти к содержимому
panfilov.amanatkz
panfilov.amanatkz

Панфиловский филиал

@panfilov.amanatkz

Сайтта 2020 ж. 28 шілде

Официальный филиал партии "AMANAT" Панфиловского района Жетысуской области.

рейтинг

250

жазбалар

903

пікірлер

0

тіркелуші

24

жазылымдар

14

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері аудандық Нұкент мектебіне барып пандустарға бөлінген қаражатын мақсатты игерілуі бойынша мониторингтік жұмыс жүргізіп қайтты. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 6 аймақ (бұдан әрі – 6-аймақ) оның ішінде, «Кірме тобы», «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ», «Санитарлық-тұрмыстық орынжайлар», «Ақпарат және телекоммуникация құралдары», «Объектінің аумағы» бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет екендігі толығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш мониторинг топ құрамында, Панфилов аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Нуптибеков Мурат Әлтайұлы, аталған мекемелерге мониторинг жұмыстарын жүргізді.Мониторинг жұмыстары…

0
0
182

Сағымбек Марат Рахымбердіұлының азаматтарды қабылдауын өткізді.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы 07.10.21ж. қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кестеге сәйкес Панфилов ауданаралық Әділет басқармасының басшысы Сағымбек Марат Рахымбердіұлының азаматтарды қабылдауын өткізді. Қабылдауға жазылған азамат Тұтқабеков Бірлік ауылдық округі Нәдек ауылының тұрғыны жұмыссыз екенін айтып, жқмысқа орналасуға ықпал етуді сұрап келді. Қабылдау нәтижесінде тиісті мекемемен сөйлесіп, жұмысқа орналастыру бойынша көмек болатынын жеткізді.

0
0
203

Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Нұрмолдаев Талғат Қиниятұлының азаматтарды қабылдауын өткізді.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде, 06.10.2021ж. кестеге сәйкес Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Нұрмолдаев Талғат Қиниятұлының азаматтарды қабылдауын өткізді. Қабылдауда болған азаматшалар Г.Маяменова мен Ф.Жуманованың мәселелерін тыңдап, тиісті жауаптар беріліп, мекеме басшыларына тапсырылды. Қабылдау нәтижесінде Ф.Жуманованың үйіне ауыз су тартуға көмек көрсететінін жеткізді. Г.Маяменованың мәселесі бойынша тұрғынүй кезегі бойынша үй алатыны айтылып, жұмысқа орналасу бойынша көмек болатыны жеткізілді.

#қоғамдыққабылдау

#NurOtan

0
0
138

Ахметжан Абдуруслович қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Аширов Ахметжан Абдуруслович қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді. Қабылдауға жазылған азамат Мавдашев Олег Жаркент қаласының тұрғыны жалғыз басты қарт, от жағу маусымы келуі бойынша, қатты отынмен көмектесуін сұрап келді. Қабылдау нәтижесінде қатты отынмен көмек көрсетті. Қабылдауға жазылған азамат өз тарапынан шексіз алғысын білдірді.

0
0
147

Ағыбаева Құрбан анамызға әлеуметтік көмек көрсетті

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Иманханов Куат Маметайұлы «Бақытты отбасы», партиялық жобасы аясында, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға азық-түлік және ақшалай көмек көрсетті. Атап айтсақ, Жаркент қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Ағыбаева Құрбан анамызға әлеуметтік көмек көрсетіп, Құрбан анамыз өз тарапынан шексіз алғысын білдірді.

#Бақыттыотбасы

0
0
151

ҰСТАЗДАР қауымының кәсіби мерекесіне орай

Білім жолында еңбек етіп жүрген, шәкірттері биікке жетіп жүрген ҰСТАЗДАР қауымының кәсіби мерекесіне орай " Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы, Аудандық мәслихат депутаты Бегімбекова Ұлдана Қуандыққызы және " Nur Otan " партиясы Панфилов аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Досмаилов Қанат Нүркешұлы ауданымыздағы 14-округ бойынша 14 -ұлағатты Ұстазды Алғыс Хатпен марапаттады .

#ұстазмерейіелмерейі 📷

#ұстаз_ұлы_есім

0
0
149

"Абай аманаты" атты көрме өткізілді.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында, Үшарал ауылдық округі Үшарал ауылының кітапханасында кітапханашы С.Саршаеваның ұйымдастыруымен "Абай аманаты" атты көрме өткізілді.

#Ұлттықмұра

0
0
161

" Алаш арыстары" атты тақырыпта кітап көрмесі

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында, Алтыүй ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен " Алаш арыстары" атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жүргізілді.Және " Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары" атты тақырыпта тарихи сағат өткізілді.Мақсаты : оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зи…

0
0
334

Ауыл ақсақалдарына сый-сияпатын табыстады.

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалының «Пенжім» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» жобасы аясында, жанары көрмесе де жүрегі көретін ақжаулықты ата-апаларымызды құттықтап, хал-жағдайын біліп, сырласып, сый-сияпатын табыстады. Қиындық келсе де жасымай қарсы тұра білген ата-апаларымыз, қазіргі таңда бала-шаға, немерелері арасында отбасының ұйытқысы болып отыр. Разы болған ата-апаларымыз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

#Ардагерлердіардақтайық

0
0
174

Ахметжан Абдуруслович қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді.

Аудандық мәслихат депутаты Аширов Ахметжан Абдуруслович "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді. Қабылдауға жазылған азамат Жамбыл атындағы орта мектебінің фудбол үйірмесінің оқытушы жаттықтырушысы С.С. Қоқаби "мектепке жол" акциясы бойынша мектеп спорт алаңына екі фудбол қақпасы мен мектеп оқушы балалардың оқу жаттығу, дене тәрбиесі сабақтарына киетін накидкаға қаржылай көмек сұрады. Қабылдау нәтижесінде 280 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Қабылдауға жазылған азамат өз тарапынан шексіз алғысын білдірді.

0
0
148