Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Шымкентте 400 жұмыс орыны болатын озық үлгідегі базар салынды

Енді озық үлгідегі автостанция да бой көтергелі жатыр.Шаһарда кәсіпкер өз қаражатына жалпы ауданы 5100 шаршы метр болатын заманауи талапқа сай базар салған. Алматы А-2 тас жолындағы осы сауда орталығында жалпы 400 жұмыс орынын ашу жоспарланып отыр.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар нысанды аралау барысында аталған базарда болып, кәсіпкерлермен кездесті. Нысан иесі сауда орындарына сатушылар мен сатып алушыларды тарту бойынша көмек сұрады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 12 қыркүйекте өткен отандық кәсіпкерлермен кездесу барысында бизнестің жеке бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің тиімділігіне тоқталған болатын.«Біз экономиканың өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнестің жеке бастамаларын…

0
0
179

Қыз-келіншектерге арналған жиын өтті

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында «Қыз тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында кездесу өтті.Мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы, олардың өмірін қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау.Кездесуге Шымкент қалалық әйелдер кеңесі төрайымы Баян Айтбекқызы, Шымкент қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Гульвира Тулепбергенқызы, «Ана үйі» қоғамдық қоры-ресурстық орталығының үйлестірушісі Қалдар Жұмабайқызы, Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Гүлсина Рахымбайқызы, PhD докторы, гештальт-тера…

0
0
167

Шымкентте әлеуметтік бейімдеу орталығын салу аса қажет болып тұр

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына барып, мекеменің жұмысымен танысты. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Мұнда тұрғылықты жері, жеке басын куәләндыратын құжаттары жоқ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұратын адамдар қабылданады. Оларға 7 бағыт бойынша әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Төрт мезгіл ас-суы беріліп, уақытша баспана ұсынылады.Орталық 160 орынға шақталған. Бірақ күн қатты суыған кезде мұнда келушілер көбейіп кетеді. Ал мекеме қызметкерлері қыс мезгілінде далада қалып қойғандарды барынша қабылдауға дайын екенін айтады.«Біз алғашқы медициналық көмек көресетеміз. Келген адамның қан қысымын, жүрек қығысын, денсаулығын толық тексеріп аламыз. Ал құжат бойынша 8…

0
0
137

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Шымкентте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың қатысуымен, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің жетекшілігімен агенттіктің Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.Аудан әкімдері мен басқарма басшыларының қатысуымен өткен жиында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бизнеске жол» жобасы талқыланып, жер қатынастары, білім беру, денсаулық сақтау және құрылыс салаларындағы түйткілді мәселелер қаралды. Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Дәурен Ерғарин анықталған сыбайластық схемалары мен қайталанатын қылмыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды баяндады. Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Башимов өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қалада қабылданып жатқан шараларға оң бағасын беріп, қоғамдық бақ…

0
0
224

Мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініш-тілектері тыңдалды

Шымкентте халықты әлеуметтік қорғау саласының басшылары арнаулы орталықтағы мүгедектігі бар адамдармен кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.Шымкент қаласының тұрғыны Фаранас Исмаилова 8 жылдан бері дертке шалдығып, мүгедектер арбасына таңылған. Қазіргі таңда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты № 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында емдік-оңалту шараларын қабылдауда. Мамандардың қызметі мен қабылдап жатқан еміне дән риза. Орталыққа арнайы ат басын бұрған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Руслан Тұңғышбаев пен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Раушан Сейдакбардан тіпті қызмет алу күндерін көбейту…

0
0
196

Шымкентте этномедиацияны дамытуға қатысты семинар-тренинг өткізіліп жатыр

Шымкент қаласында «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен этномедиацияны дамыту мәселесі тақырыбында семинар-тренинг басталды.Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев іс-шараға қатысып, этномедиацияның маңыздылығына тоқталды.– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып отырған этносаралық медиация аясындағы басқосу Шымкент қаласында екінші рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар семинар-тренингте этносаралық қақтығыстарды реттеу кезінде келіссөз жүргізуді үйреніп, дауды сотқа жеткізбей, татуластырудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Қазіргі кезде Шымкент қаласында 4 медиация орталығы бар. Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ықпалдастық байланыстары орнатылған. Осы орталықтарды…

0
0
159

Шымкентте 61 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылды

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде 36 мың адамға жұмыспен қамтудың түрлі бағыттары бойынша қолдау көрсетілді. Жобада кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған.Осыған дейін субсидияланатын жұмыс орындарымен 8349 адам қамтылды. Жұмыссыз азаматтар әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстар мен «Алғашқы жұмыс орындары», «Ұрпақтар келісім шарты», «Күміс жас» жобалары бойынша жұмысқа орналасқан.Бүгінгі таңға қала аумағында 25 462 жұмыс орны ашылған. Осылайша қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары асыра орындалды.Айта кету керек, Шымкентте 2023 жылдың 10 айында 19 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылған. Бұл ту…

0
0
251

Шымкентте тоғыз айда бірнеше елді мекен көгілдір отынмен қамтылды

Шымкент қаласында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 6 елді мекенде табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары аяқталған.Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарамасының мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Шымкент қаласы аумағындағы Тұран (2-3 кезек), Бозарық (74 га аумақ), Асар-2, Сауле, Ақтас-1 және Арғымақ ықшамаудандарында табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жалпы, 5 085 абонент көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болып отыр.Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы Ақтас-2, Ақжар және Нұртас ықшамаудандарындағы 1 120 абонентті табиғи газбен қамту жоспарланған. Осылайша, биыл атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Шымкент қаласының халқын көгілдір отынмен қамту көрсеткіші…

0
0
369

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болған тұрғындар қатары артып келеді

Қалада 324 азамат арендалық пәтермен қамтылды.Шымкент қаласы бойынша халықты баспанамен қамтуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның айтуынша, биыл мемлекеттік бағдарлама аясында бірқатар тұрғындар баспанаға қол жеткізді.Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын, көпбалалы отбасыларды және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін арендалық пәтермен қамту жоспарланған еді. Қазіргі уақытта түрлі санаттағы 324 азамат арендалық тұрғын үйге қол жеткізді. Бұдан бөлек, тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға қосымша 505 арендалық пәтерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Оның 151-і балаларға, 135-і көпбалалы отбасыларға, 219-ы әлсіз топтарға арналған.Жыл басынан бе…

0
0
229

Шымкентте азық-түлік бағасын өсіруге жол берілмейді

Қала әкімдігі жағдайды бақылауда ұстап отыр.Бүгінде Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қымбаттатуға жол бермеу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, айналым механизмі аясында кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз қаражаттар беру, делдалдық қызметті шектеу шаралары қолға алынған және қала аумағында азық-түлік жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізіліп келеді.Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы хабарлады.Басқарма ұсынған деректер бойынша, тұрақтандыру қорынан бөлінген қаражаттың есебінен айналым механизмі аясында «Magnum» және «Gramad» секілді ірі сауда желілеріне 2,5 миллиард теңге қарыз берілген. Сол арқылы аталған сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін келісім-шартта көрсетілген баға бо…

0
0
220