Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Аягөзде "Таза Қазақстан" акциясын белсенді жастар жалғастырып жатыр

Абай облысының Аягөз ауданында "Битан тау" аллеясын тазалау жұмыстары жүргізілді.Акцияның негізгі мақсаты – жастардың назарын қоршаған ортаның ластану мәселесіне аудару, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Шараға туған жердің тазалығын сақтауға, абаттандыруға үлес қосқан 40-тан астам жас қатысты.Белсенді жастардың өкілі Нұрилла Дәулетқызы "Таза Қазақстан" акциясына қолдау білдірді."Қаламызда апта сайын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Осындай шаралардың арқасында біз өскелең ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті сіңіріп жатырмыз. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты еңбекке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Бүгінгі акцияға жастардың белсенді қатысуы үлкен көрсеткіш деп ойлаймын",…

0
0
371

Комиссия Кәрім Мәсімовке кешірім бермеуді ұсынды

Қазір жазасын өтеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің Президенттен кешірім беруді сұрағаны туралы осы айдың басында айтылған еді.Фотоколлаж: khabar.kzБүгін Кешірім жасау жөніндегі комиссияның бұл мәселені қарап, Мәсімовтің өтінішін қанағаттандырмағаны белгілі болды. Бұл туралы комиссия басшысы, Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Facebook-тегі парақшасында жазды.Ол бұның Президентке ұсыныс қана екенін айтты. Ары қарай Мемлекет басшысының өзі шешеді.Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған еді. 2023 жылы сәуірдің аяғында Астана соты оны мемлекетке сатқындық жасағаны, билікті күшпен басып алуға талпынғаны, билік пен қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды.  Сондай-ақ Мәсімовке қатысты тағы Қылм…

0
0
416

Сессия жабылып, Парламент каникулға кетті

Бүгін Парламенттің қос палатасының осы саяси маусымдағы соңғы бірлескен отырысы өтті. Онда депутаттар атқарылған жұмысты қорытындылады. Сөйтіп, VIII шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясы жабылды.Фото: egemen.kz«Палаталардың 5 бірлескен отырысы, Мәжілістің 39 жалпы отырысы және Сенаттың 43 жалпы отырысы өтті. Сессия барысында екі палатаның қарауында 179 заң жобасы болды. Оның 102-сі қабылданды. Сессия барысында депутаттар бірқатар маңызды заң жобасы бойынша Үкіметпен бірлесе жұмыс істеді. Біз басты қаржы құжатын – республикалық бюджетті қабылдадық.Біздің жұмысымызда сайлаушылармен тығыз байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы сессияда Парламент депутаттары 800-ге жуық елдімекенді аралап, 2000-ға жуық кездесу өткізді. Сессия барысында Сенат пен Мәжіліс депутаттары Үкімет пен басқа…

0
0
386

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Құрметті журналистер!Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қоғам санасын жаңғыртып, ұлт тұтастығын нығайту жолында айрықша рөл атқарады. Баспасөз саласын дамыту, сондай-ақ журналистердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі.Қазақ журналистикасының тағылымды тарихы, аға буын қалыптастырған ерекше қолтаңбасы бар. Біз оның бай шежіресі мен ағартушылық дәстүрін барынша сақтауымыз қажет. Бүгінгі ақпарат саласының өкілдері осы сабақтастықты лайықты жалғастырып, өзіне жүктелген жауапты миссияны абыроймен атқарып келеді.Сіздер қай кезде де халыққа шынайы әрі жедел хабар таратып, кәсіби біліктіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Болашақта да елдік мәселелерді көтері…

0
0
731

Сенат адам саудасы құрбандарының құқығын қорғайтын заңды мақұлдады

Енді адамды құлдыққа салу, құлдыққа сатумен байланысты қылмыс бойынша жаза күшейеді. ІІМ дерегінше, елімізде жыл сайын осындай 150-ге жуық қылмыс тіркеледі. Оның ішінде адам саудасы құрбандарын жалдаумен және қанаумен айналысатын трансұлттық топтардың да заңсыз әрекеттерінің жолы кесіледі. @qazaqstantv

0
0
666

Таразда балабақша басшысы ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығының мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оның тергелуі Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.Тараз қаласының №2 сотының 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айырыла отырып,  4 жылға бас бостандығынан айырылды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Жамбыл облысының прокурату…

0
0
267

Түркістан облысында лаңкестікті насихаттады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады.

Алдын ала деректер бойынша, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал.

Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
320

Алматы облысында құдық үшін қазылған шұңқырға жылқы түсіп кетті

ТЖМ құтқарушылары құдыққа құлаған жылқыны шығарып алды.

Алматы облысындағы Қарасай ауданының Исаев ауылында тереңдігі 1,5 метр құдыққа жылқы құлаған.

Көмекке келген Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жануарды альпинистік жабдықтың көмегімен шығарды. Жылқыға зақым келген жоқ.

https://t.me/qr_tjm

0
0
287

Бас прокуратура ата-аналарға ескерту жасады

Фото: egemen.kzКәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша заңды өкілдерге үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.А.ж. 5 айда 2 474 тұлға 14 646 711 теңге сомасына айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. Осы норманы бұзғаны үшін 46-дан астам тұлғаға ескерту түрінде жаза тағайындалған.Сонымен қатар, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін (ӘҚБтК 442-бабы 3-бөлігі) 2 001 тұлғаға 30 274 003 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл жеті айлық есептік көрсеткішті құ…

0
0
330

Алдағы оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болатыны айтылды

Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау басталды. 2024-2025 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарлануда. Оқу-ағарту министрлігіндегілердің хабарлауынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп екен.Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтар бойынша көбейтілді.Сонымен қатар, биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдауда. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың студентті қабылдауға мүмкіндік береді.Сондай-ақ осы жылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, арттырылады:I немесе II топ…

0
0
329