karatal.nurotan
@nurotan_nur.karatal
КАРАТАЛЬСКИЙ РАЙОННЫЙ ФИЛИАЛ ПАРТИИ "NUR OTAN"
рейтинг
100
жазбалар
184
пікірлер
0
тіркелуші
6
жазылымдар
10
рейтинг
100
жазбалар
184
пікірлер
0
тіркелуші
6
жазылымдар
10
Қоғамдық қабылдау
Қоғамдық қабылдау
Бүгін аудан филиалында облыстық мәслихат депутаты -Байтаев Базархан Ізмұханұлы кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойылды. Соның ішінде: тұрғын үй, әлеуметтік көмекке қатысты мәселелер бойынша сауалдар қойылды. Базархан Ізмұханұлы барлық аталған проблемалық сұрақтарға өз жауабын берді.
Қоғамдық қабылдау
Аудан филиалында аудандық мәслихат хатшысы -Теңелбаев Жандос Қасқырбекұлы кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойылды. Соның ішінде: тұрғын үй, әлеуметтік көмекке қатысты мәселелер бойынша сауалдар қойылды. Жандос Қасқырбекұлы барлық аталған проблемалық сұрақтарға өз жауабын берді.
Комиссияның тексеру жұмыстары
"Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың қатысуымен 2021 жылдың 15 шілде күні Алматы облысы, Қаратал ауданы, Жолбарыс батыр ауылдық округіндегі "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Кәлпе орта мектебі" КММ-сі, "Қанабек Байсеитов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" КММ-сі, Кәлпе дәрігерлік амбулаторирясы және "Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-сінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды бақылау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тексеру жұмыстары өткізілді. Тексеру нәтижесінде кемшіліктер анықталып, тиісті ұсыныстар берілді.#КЕДЕРГІСІЗКЕЛЕШЕК
Алматы облысының VI Спартакиадасы өтті
Алматы облысы Қаратал ауданы
Ағымдағы жылдың 07 шілде күні Талдықорған қаласында өткен Тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Алматы облысының VI Спартакиадасы өтіп, ауданымыздың спортшысы Ерболганов Ерлик шахматтан 1 орынды иеленді.#ҰЛТТЫҚМҰРА #КЕДЕРГІСІЗКЕЛЕШЕК
«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық мәслихатындағы депутаттық фракцияның отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық мәслихатындағы депутаттық фракцияның отырысы өтіп, онда фракция жетекші ретінде фракция мүшелерінің алдында жартыжылдық жұмыстың қорытындысын баяндады. Осы уақыт аралығында фракция мүшелері партияның алға қойған міндеттерін орындауда белсенділік танытуда. Аудандық партия филиалында өткен отырысқа 11 депутат онлайн режимде қосылып қатысты.
Жол картасында белгіленген әрбір нысанға жауапты депутаттар бұл күндері сайлауалды бағдарламада көзделген барлық бағыттағы жұмыстардың сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударуда.
Есепті кезеңде депутаттар тұрғындармен де кездесулер ұйымдастырып өткізді. Кездесулерді кей кездері эпидахуалға байланысты онлайн режимде тікелей эфирде де ұйымдастырған
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбсеметова Әлия Маратқызы
08.07. күні жұмыс сапарымен Қаратал ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбсеметова Әлия Маратқызы келді.Әбсеметова Әлия Маратқызы "А.С. Пушкин" атындағы ОМ аралау барысында күрделі жөндеу жұмыстарымен және оның сапасымен танысты, мектептің пән кабинеттері мен дәретханаларының жабдықтарына ерекше назар аударды.Үштөбе қаласы тұрғындарының шағымдарын ескере отырып, Әлия Маратқызы Төле би көшесіндегі жолдың аяқталмаған жөндеуіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот шешімі туралы хабардар етілді.Қонақтар орталық саябақтың аумағын абаттандыру, сондай-ақ Үштөбе қаласында өлкетану мұражайының құрылысы бойынша жоспарларымен бөлісті.30 пәтерлі үйдің құрылыс алаңына барған кезде депутат мердігер ұйымның қызметкерлерімен әңгімелесті.Одан әрі ол Үштөбе қаласының теміржол вокзалының жұмысымен таныс…
А.Байгунысовтың құттықтауы.
"Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың құттықтауы.23 маусым-полиция қызметкерлер күні құтты болсын!Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы полиция қызметкерлері екені сөзсіз.Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын полиция қызметкері болу – мәртебелі міндет.Бүгінгі мерекеге орай "Nur Otan"партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов, Қаратал ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін арнайы құттықтап, қызмет саласында белсенді жүрген полиция қызметкерлерін марапаттап, партия төрағасы Ерлан Шойұлыныңда арнайы алғыс хаттарын табыстады.Бұл – қазақтың сақшылары, тірегің!Тірегіңнен үзілмесін күдерің!Тілерім сол, бейбіт күннің ерлер…
Е.Шойұлы аудан әкімшілілігінің қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады
"Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасы Е.Шойұлы аудан әкімшілілігінің қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Мемлекеттік қызмет күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызметшінің жұмысы адамнан кең ауқымды білімді, үлкен жауапкершілікті және ұстамдылықты талап етеді.
Сізге өз тағдырына сенетін және Сіздің біліктілігіңіз бен кәсібилігіңізге сенетін адамдарға қызмет етуден басқа құрметті мамандық жоқ.
Сіздерге Қазақстан халқына қызмет етудің игі ісінде табыс, жақсылық пен бейбітшілік, даналық пен шыдамдылық тілеймін. Әрбір күн мемлекеттің даму процесіне қатыстылығын және қоғамдағы өз рөлін сезінуден қуанышпен жариялансын!