«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық мәслихатындағы депутаттық фракцияның отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық мәслихатындағы депутаттық фракцияның отырысы өтіп, онда фракция жетекші ретінде фракция мүшелерінің алдында жартыжылдық жұмыстың қорытындысын баяндады. Осы уақыт аралығында фракция мүшелері партияның алға қойған міндеттерін орындауда белсенділік танытуда. Аудандық партия филиалында өткен отырысқа 11 депутат онлайн режимде қосылып қатысты.
Жол картасында белгіленген әрбір нысанға жауапты депутаттар бұл күндері сайлауалды бағдарламада көзделген барлық бағыттағы жұмыстардың сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударуда.
Есепті кезеңде депутаттар тұрғындармен де кездесулер ұйымдастырып өткізді. Кездесулерді кей кездері эпидахуалға байланысты онлайн режимде тікелей эфирде де ұйымдастырған
