COVID-19 індетіне қарсы екпе алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Ағымдағы жылдың 24 маусым күні Тастөбе ауылдық округінде COVID-19 індетіне қарсы екпе алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмысына Қаратал аудан әкімінің орынбасары Қайрат Саханұлы, аудандық аурухананың бас дәрігері Біржан Аскарұлы және де Қаратал аудандық " Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Ажарханұлы қатысты. Ауыл тұрғындарына вакцина алудың еш қорқынышы жоқтығын, керісінше COVID-19 індетін жоюда, ең жақсы қадам екпе егу екендігін айтты.



