ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбсеметова Әлия Маратқызы
08.07. күні жұмыс сапарымен Қаратал ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбсеметова Әлия Маратқызы келді.
Әбсеметова Әлия Маратқызы "А.С. Пушкин" атындағы ОМ аралау барысында күрделі жөндеу жұмыстарымен және оның сапасымен танысты, мектептің пән кабинеттері мен дәретханаларының жабдықтарына ерекше назар аударды.
Үштөбе қаласы тұрғындарының шағымдарын ескере отырып, Әлия Маратқызы Төле би көшесіндегі жолдың аяқталмаған жөндеуіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот шешімі туралы хабардар етілді.
Қонақтар орталық саябақтың аумағын абаттандыру, сондай-ақ Үштөбе қаласында өлкетану мұражайының құрылысы бойынша жоспарларымен бөлісті.
30 пәтерлі үйдің құрылыс алаңына барған кезде депутат мердігер ұйымның қызметкерлерімен әңгімелесті.
Одан әрі ол Үштөбе қаласының теміржол вокзалының жұмысымен танысып, аудандағы бизнесті дамыту үшін теміржол қатынасының үлкен артықшылығын атап өтті.
#deputatnurotan
