Мазмұнға өту
nuri123

Нұрила Ермекбай

@nuri123

Сайтта 2016 ж. 31 наурызКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

30

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Бауырсақты қалай пісіреміз?

Бауырсақ пісірмейтін қазақ жоқ болар, сірә. Бауырсақты пісіру былай тұрсын, оны жақсы көрмейтін адам жоқ. Орыс болсын, кәріс болсын, барлық ұлт өкілдері бауырсақ көрсе, ауыз тимей кетпейді. Сол себепті қазақ дастарханының төрінде тұратын бауырсақты пісірудің өзімше рецептін сіздерге ұсынғалы отырмын.

Бауырсақ үшін қажетті азық – түлігіміз:

  • сұйық май
  • 1 жұмыртқа
  • қаймақ немесе майонез (қалауыңыз бойынша)
  • ұн
  • ашытқы
  • жылы су немесе сүтке де қамырды илеуге болады
  • қант
  • тұз

Қамырымызды дайындап аламыз.

Суға ашытқы, тұз , қант, қаймақ немесе майонез салып, араластырамыз. Үстінен ұнды қажетінше салып, жақсылап қамыр илейміз. Қамырдың бетін жауып көтерілгенше қойып қоямыз. Қамыр көтерілген соң зуала жасап (бөліктерге бөліп), қамырымызды жаямыз. Бауырсақты дөңгелектеп немесе төртбұрышты етіп кесуге де болады. Қазанымызға май құйып, майымыз қызған соң бауырсақтарымызды шетінен салып пісіреміз.

Асыңыз дәмді болсын!!!

3
0
2256

20 жасыңызда Сіз не істедіңіз?

Жастарға мотивация ретінде, 20 жасында қазақ зиялылары қандай қасиеттерімен ерекшеленіп, нендей жетістіктерге қол жеткізгені жайында қысқаша ақпарат.

1. Әл- Фараби- әлемнің екінші ұстазы жиырма жас кезінде Отырарды тастап, білім алу мақсатында Бағдатқа қоныс аударды. Ол онда аудармашы, түрлі ғылымдар салаларының зерттеушісі болып еңбек атқарды.

2.Шохан Уәлиханов- 19 жасында алғашқы "Тоқтамыс ханның жарлығы" атты ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір жыл өткен соң полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның ертегісі" жырын жазып алады. Сол жылдары белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен, Федор Достоевскиймен танысты.

3.Сұлтанмахмұт Торайғыров- өзінің жиырмасыншы көктемінде “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай және т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды.

4.Міржақып Дулатұлы- 20 жасында Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысып, сол жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болған. сол жылдары «Оян, қазақ!» деп ұрандатып, елді білімге, ел үшін пайдалы іс- әрекетке шақырады.

5.Ыбырай Алтынсарин- 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, жиырма жастағы Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы 4 жыл өз үйінде оқытады.

6. Мұхтар Омарханұлы Әуезов- 20 жасында «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны Ойқұдықта сахнаға шығарады. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.

20 жасымызда, осы арыстардан асып түспесекте, жанына жуықтайық құрдастар!

3
0
1482

Өз бетпердеңізді кім шешпек?

Сабырлы, сабырсыз, қарапайым, дөрекі, сыпайы, мәдениетті, мәдениетсіз, көргенсіз, сараң, жомарт, қырсық, ержүрек, батыл, жігерсіз, корқақ сынды т.б. теңеулер кез келген адамның бойынан табылуы мүмкін. Күнделікті адамдар арасында біздер аталған мінездерді жиі қолданып жататынымыз анық. Жаман мінезіміз арқылы жақындарымыздың көңілін қалдырып алып жатқан кезіміз де аз емес. Әр адам бұл өмірге тап таза жүрекпен келгенімен, мінезі анасының жатырыныда жатқанда ақ қалыптаса бастайды.  Дегенмен, сол берілген мінезді жақындарымыздың жанына қаяу салмас үшін өзгертуге болады екен. Әрине, әркім өзінікін... Ол үшін өзіңізді жақсы жаққа қарай тәрбиелеп, сабырлы болуға тырысып, қырсықтығыңызды кішкене коюға талпынсаңыз жеткілікті...

Барлық ортада өзімізді арыстандай ұстап, қасқырдай көрсетіп, түлкідей қулық жасасақта, жалғыз, оңаша қалғанда кез келген адам баласының "бетпердесі" әуелі АЛЛАНЫҢ, содан кейін, "ӨЗІМІЗДІҢ" алдымызда шешілері анық. Дәл сол сәтте өзіңізді саралаңыз, күні бойғы ісіңізге, басқаларға көрсеткен мінезіңізге есеп беріңіз.

Мейлінше, "бетпердесіз" жүруге тырысыңыз. Сонда сізді өзгелер, ал, ең алдымен өзіңізді өзіңіз сыйлайтын боласыз!

4
1
1137

«Ninety One» тобын қолдайтын танымал журналист

Атышулы Ерболат Беделханның "Ninety One" тобына қатысты шулы даулар әлі де басылар емес. Осы орайда елімізге танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт инстаграмдағы парақшасында бұл топты қолдайтындығын жазған еді.

"Ерболат Беделxанға айтарым: Он жылдан астам таңдаған жолынан жаңылады, табанды еңбек етіп, бір күн көл, бір күн шөл болатын нәсібін бүкіл тобына жұмсап жүрген Ерболатқа орнымнан тұрып қол соғам. Оған да кезінде қанша адам лап беріп, "мына істеп жүргенің қате" деген еді, ол өзінің мақсатынан бас тартқан жоқ. Біржақты қыңырлық, стереотиптік сана-дамудың жолы емес. Әсіресе өнерде!", - деп жазды Дана Нұржігіт.

Бұдан кейін тележүргізуші Ринат Зайытовтың өктем сөздеріне сабырлық танытқан Ерболатты қолдайтынын айтты.

"Зайытовтың "91" тобының сырт келбетін сынап, тіл тигізіп, "жиіркенемін" деген ауыр сөзін сабырлықпен тыңдап, жұдырық ала жүгірмей (оны істесе де түсінер едім) миығынан ғана күліп қойып эмоцияға, ашуға жол бермей жауап беріп отырған Ерболат мен үшін оппонентінен әлдеқайда жоғары, мәдениетті", - деп ойымен бөліскен жүргізуші көпшіліктің сыны арқылы продюсер тобын шыңдап алды дегенді меңзеді.

"Ол қол астындағы топты осылайша спарингке шығарып алды. Мұздай душтың астына тұрғызды. Сынады. "...Шыдайсың ба менімен достасуға, Жалаң аяқ су кешіп, тас тасуға", деп Мұқағали ақынша серіктестеріне сұрақты төтесінен қойды. Шаш өсер, бояуы жуылар, трико шалбар боп өзгерер. Бірақ, арақ ішіп, есірткі тартып есірмеген, өнерде өз жолын іздеп, өсіп келе жатқан жастарды осыншама талап, мүсіркетіп "мен сияқты костюм шалбар кимейсің бе, шашты дұрыстап қысқартпайсың ба?" - деп жер шұқытып қою, қаз-қаз тұрып келе жатқан балаға,"неге жүгіріп кетпейсің?" дегенмен тең", - дейді тележүргізуші.

Автор көрермен бір кездері Ninety one тобы сияқты  "А-студио" тобын да түсінбегенін мысалға келтірді.

"Конформистер қашан да болған, бола да береді. Оларды тыңдасақ, елден ерек, алыстан асау мінезін білдіретін ұзын шаш қойған әнші, ақындарымыз - Батырxан, Жарасқандар, Қадірлар қайда бізге? Конформистерді тыңдасақ, сыған қызы Карменді операның бас кейіпкері етіп, көрерменнің ызасын тудырған Бизе тумас еді. "Жалаң аяқ сығанның сайқалын операға арқау еткен дарынсыз" деген жаман атқа қалған Бизе - бүгін ел ауызындағы классик. "Арайдан" кетіп, "Алма-Ата студио" болған Серкебаев Байғалидің өзі мұндайды бастан өткерген. АХБК сарайының концерт залындағы алғашқы премьерасынан xалық тұрып-тұрып кетіп қалған. Түсінбеген. Шашы жалбыраған жігіттер, мәйкішең тұрып ән салған Батырxанды біреу еске алса, сол біздер. Біздің ұрпақ. Айта берсе көп қой", - деп жалғастырды ойын журналист.

Сондай-ақ Дана Нұржігіт қоғам өкілдеріне жас әнші жігіттерді сынаса, намысқа тиіп емес, мәдениетті сынауды ұсынды.

"Өнерде ұқсастықтан жаманы жоқ! Сынасақ "жиіркенемін" деген адами намысқа тиетін, көшедегі бетжыртыстың лексиконына сүйеніп емес, конструктивті, мәдениеттану деген ғылымға жүгініп отырып дәйекті дәлел келтіріп отырып сынайық!" - деді Нұржігіт.

Дереккөз "Nur.kz"

4
1
813

Руымен емес, ТУЫМЕН мақтанатын жастар керек!

“Зерттегіштердің” соңғы мәліметі Қазақстандағы саны көп рулардың тізімі нағыз провокация. “Зертеусымаққа” тапсырыс берушілер артында шетелдік арнайы қызмет орындары тұрса, таңданбаңыз.

Олар елдің арасына тағы да іріткі салмақшы.

Әрине, әркім жеті атасын жатқа білуі керек шығар?

Қазақ баласы ата тегін, руын естен шығармау керек шығар?

Дұрыс ақ. Бірақ, байқайықшы...

Ру тақырыбы ішімдік буы сияқты. Қалай мас болғаныңызды да, қалай төбелеске ұрынғаныңызды да байқамай қаласыз.

Абай Құнанбаев біздің орта жүздікі, Мәншүк пен Әлия өзіміздің кіші жүздікі деген мақтан сөздерді өз құлағыммен естігенім бар. Мұның бәрі артық әңгіме... Олардың бәрі қазақ, олардың бәрі қазақтікі...

Мен Бауыржан Момышұлының жақын туысымын.

Бірақ, Баукеңді біздің рудың адамы деп айтпақ түгілі ойлауға да арым жібермейді. Баукең де, Абай да, Махамбет те қазақ.

Олар біздің ұлттық мақтанышымыз. Ал, ел мақтанышы бөлшектенбейді.

Мәншүк пен Әлия бәріміздің апамыз, бәріміздің әпкеміз.

Олар бір жүздің емес, бір қазақтың емес, бүкіл Совет Одағының батыры. Винокуров пен Ильиннің жетістіктеріне қуанғанда ру түгілі ұлтына назар аудармаймыз. Онда неге қазақтың нар тұлғаларын руға бөлшектейміз?

Пәлен рудың саны түген рудан қаншалықты артық немесе кем екенін білу соншалықты маңызды ма? Руыңыздың саны емес, қазақтың саны өссін деп тілеңіз!

Тағы да қайталап айтамын: Ру тақырыбы бензин сіңген құрғақ ағаш сияқты. Ол "ағашқа" сіріңке тиіп кетсе, оны тоқтатуға көлдің суы да жетпейді.

Серік Абас-шахтың ФБ парақшасынан

3
0
957

Мен бір бақыт іздеп жүрмін, достарым!

Мен бір бақыт іздеп жүрмін, достарым!

Мен бір бақыт іздеп жүрмін, достарым,

¥қсамайтын бақытына басқаның.

Жұлдыздардай жарық әрі биік тым,

Сол бақытты іздеп жүріп жиі ұқтым:

Ортақ болу керек оған Отаным,

Бауырларым, сәбилерім, сүйіктім.

Ортақ болу керек оған әз далам,

От-жалыны болу керек маздаған.

Қуанышы болу керек көл-көсір,

Азабы да болу керек аздаған.

Найзағайдан басқа тіліп өтпейтін

Сонау заңғар әлем сынды көк дейтін

Биік, таза болу керек ол деген

Дұшпандардың

атқан оғы жетпейтін.

Іздеп едім оны таңда, кеш, түнде,

Жазда шаң боп, көктемде су кештім де.

Жұрттың бәрін қуантуы керек ол,

Еш зияны болмау керек ешкімге.

Сол бақытты іздеп жүріп жолда Мен

Талай рет құлап, шөлдөп ем.

Күн сияқты күтіп едім, сондықтан

Нұрдай мөлдір болу керек ол деген.

Асулар да болар жолда көлденең,

Қарлығаш боп ұшсам ба екен әлде мен?!

Сол бақытты тиіспін мен табуға,

Таңдай ғажап болу керек ол деген.

Мен бір бақыт іздеп журмін, достарым

Ұқсамайтын бақытына басқаның.

К. Ахметова

3
0
1038

Мен не үшін пара алдым??? (Бір үзік сыр)

Балалық шақ дегенде ең әуелі есімізге алаңсыз, уайымсыз асыр сап ойнағанымыз, мектептегі мерекелі күндеріміз бен адал достарымыз еске түсері анық. Өздеріңізбен сол балалық шағымдағы ең қызық оқиғаммен бөліссем деймін.

Жалпы, мен оқыған "Бейсен Онтаев" атындағы жалпы орта метепте бізбен қатар тағы 3 сынып болатн. Біздің сынып сол мектептің "ең үздігі" еді.

1 сыныптан бастап Серік жігіт атақты «А» сыныбының старостасы болған. Неге екенін қайдам, 8 сыныпқа келгенде бас тартты бұл биліктен. Ешкімнің де басшылыққа бүйрегі бұра қоймады. «Менмін» деген ұл – қыздардың бәріне шақыру тасталды. Бәрі бас тартуда, тіпті менде. Содан не керек, мен сабаққа бармай қалған күні «өзі жоқтың көзі жоқ» деп сыртымнан мені староста етіп сайлап қойыпты. Сабаққа келсем бәрі айтады «сен старостасың ғой» деп. Мен түсінбей аң таңмын. Сары досым мәз. «Ауыстырыңыз», деп жұлынып көріп едім, мұнымнан түк шықпады. Жә, содан не керек басшылық өмірім басталды да кетті. Ұлдардың енді «братандарының қарауына өтіп жатқан шағы» болатын. Сабақтан қашу дәл менің билік құрған уақытыма түсіпті. Жігіттердің қашуы себебінен, таяқтың екінші ұшы маған келіп тие бастады. Мұғалімдердің сөзінше: "балық басынан шіритіні" бар. Әр күні соңғы сабақта Нұрғали Арыстанов мырза «сабақтан ешкім қашпады ма?» деп келіп тұратын. Мен айтсам, қашқындар таяқтың көкесін көретін-ді. Ер мұғалімдерден аяқ тартса да, қыздарға бағынғысы келмей, ұлдар сабақтан қашуын қоймады. Бір екі рет таяқтың дәмін татқаннан соң, «айтпай ақ қойшы» деген сөздер бастала бастады. Осыны пайдаланған мен шіркін, бір қулық ойлап таптым. Ұлдарға «егер, қашатын болсаңдар, маған супер контик немесе сникерс әкеліп бересіңдер, әйтпесе, Нұрғали ағайға айтамын» дедім. Кімнің таяқ жегісі келеді дейсің? Ұлдар қауымы айтқаныма келісе кетті. Қазіргі тілмен айтқанда «сыбайлас жемқорлық» болды бізде. Мұғалімдердің хабары жоқ бұдан. Ұлдар қашатын сәтте, маған «параларымен» келе бастады. Сникерс, суперконтик... «Өле жегенше, бөле же» деген, оны қыздармен бөлісемін ғой. Содан не керек, бір күні Мұнар досым келіп тұр:

- мен кете берейін...

- осылай кете бересің бе?

- семечки берсем бола ма?

-жоқ, қажет емес... Осылай дегеннен соң, Мұнар досым қаша алмай қалған болатын сабақтан. Ішімнен ұялып тұрсам да, білдіре қоймадым.



Уақыт өте келе, ақшадан қысылып жүрген ұлдар, бірте бірте сабақтан қашуын доғара бастады. Осылайша алғаш рет пара алдым (пара деймін ау, сөз еститіндігім үшін "сыйақы" дегенім дұрыс болар), дегенмен, кішкене болса да тәртіпке келдік!!!

 

4
0
902

Қазақтың «Қобыландысы»

“Қобыланды батыр” — қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп, ірі–ірі эпос айтушыларының қолынан өткен.

“Қобыланды батырды” Марабай, Мергенбай, Біржан Толымбаев, Айса Байтабынов, Нүрпейіс Байғанин, Мұрын Сеңгірбаев, Көшелек Еламанов, Шапай Қалмағамбетов, Құлзақ Амангелдиев, Сыр бойының белгілі айтушысы Тұяқбайлар жырлаған. Айтушыларының осыншама көп болуы бұл сюжеттің халыққа кең тарағанын көрсетеді.

Жырдың ертегілік және тарихи – реалдық арқауы бар. Сюжеттің аңыздың ұйтқысы Оғыз – Қыпшақ ұлысы кезінде туа бастаған. Қазан аты оғыздардың сол дәуірде туған “Қорқыт ата кітабында” да кездеседі. Жырдың бергі жердегі мазмұны монғол, иран, жоңғар шабуылы, одан қалса, қазақтардың кейінгі кезеңдерде қалмақтармен болған күрестеріне негізделген.

“Қобыланды батыр” жырының алғашқы нұсқасын Ы. Алтынсарин Марабай жыраудың аузынан жазып алып, “Тайбурылдың шабысы” деген саласын өзінің “Хрестоматиясында” пайдаланған. Жырдың басқа да үзінділері революцияға дейін “Дала уалаяты” (1899), “Туркестанские ведомости” (1899), “Тургайская газета” (1901), “Труды Оренбургской научной комиссии” (1910) сияқты басылымдарда сөз бола бастайды. 1914 жылы Қазанда Тұяқбай нұсқасы, 1922 жылы Ташкентте Ә.Диваев жинаған нұсқалар басылған.

Ә.Диваев нұсқасы көптеген жинақтар мен оқулықтарға еніп келді. Ұлы Отан соғысынан соңғы жылдары М.Ғабдуллин “Қобыланды батыр” тақырыбынан докторлық диссертация қорғап, монографиясын жарыққа шығарды.Жырдың 15 түрлі нұсқасын ашқан да М.Ғабдуллин еді. Бүгінде жырдың 29 түрлі нұсқасы белгілі болып, ғылыми оралымға еніп отыр.

осы арқылы Қобыланды батыр мультхикаясының 1-ші бөлімін көре аласыздар.

 

2
0
1392

Нақыл сөз оқып көріңіз!

Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар.

Бүгін сідердің назарларыңызға күнделікті қажетті бірнеше нақыл сөздер қатарын ұсынамын!

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

«Егер жақсы өмір сүргің келсе жақсы адам ізде, ал жақсы адам тапқын келсе жақсы сөйлеп, жақсылық жаса»

« Жомарт жан әр кез жорттып жүреді, сараң адам үнемі қорқып жүреді»

«Жақсы адам қателессе қатесінен сабақ алады, жаман адам қателессе өзгеден өш алады»

«Сиыр сүзеді, жылқы тебеді, ит тістейді ал адам осының бәрін істей алады»

«Сезімге берілген адам қателікке ұрынады тек сезімді бағалай білген адам ғана беделге ие болады»

«Әлемдегі ең сұлу әйел ол жүкті әйел»

«Баласы бардың жарасы бар»

«Біреудің сыртынан ғайбат айтып еш аброй таппасыз»

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.» Абай Құнанбаев

«Аз сөйлер де, көп тыңдар хас асылдың баласы.» Махамбет Өтемісұлы

«Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке  адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі.» Ғабит Мүсірепов

«Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.» Ғабит Мүсірепов

 
 
 
 

2
0
3043